Шымкентте мүгедек жүргізушіге шабуыл жасағандар сотталды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуШымкентте мүгедек жүргізушіге шабуыл жасағандар сотталды
Шымкентте мүгедек жүргізушіге шабуыл жасағандар сотталды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Жазылу
Олар жүргізушіні ұрып-соғып, ұялы телефондарын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен
АЛМАТЫ, 6 маусым - Sputnik. Шымкентте сот есту және сөйлеу қабілеті жоқ жүргізушіге шабуыл жасаған екі адамның үкімін жариялады, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Олардың біреуі 3 жыл 9 айға, екіншісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалалық ауданаралық қылмыстық сот екі жас жігітті есту және сөйлеу қабілеті жоқ такси жүргізушісіне шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Шабуылдаушылар жүргізушіні ұрып-соғып, екі ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Қылмыс "Көктем" базары ауданында болған. Қажетті мекен-жайға жеткен екі жолаушы жүргізушінің есту әрі сөйлеу қабілетінің жоқтығын пайдаланып, төлемнің орнына олар оны ұрып-соғып, жалпы құны 180 мың теңгеден асатын екі телефонды қолды қылды", - делінген хабарламада.

Сотталушылардың екеуі де бұған дейін де істі болғаны анықталды. Бірі 2019 жылы тонау фактісі бойынша сотталған. Екіншісі 2024 жылы ұрлық үшін 1 жыл 6 ай мерзім алған.
Екі айыпталушы да 27 жаста. Олар кінәні мойындап, келтірген залалдың орнын толтырды. Жазаны қатаң тәртіптегі түзеу мекемелерінде өтейді.
Марихуана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2023
Шымкентте есірткіні такси арқылы жіберген ер адам сотталды
Жаңалықтар
0