https://sputnik.kz/20230127/shymkentte-esirtkini-taksi-arqyly-zhibergen-er-adam-sottaldy-31474906.html
Шымкентте есірткіні такси арқылы жіберген ер адам сотталды
Шымкентте есірткіні такси арқылы жіберген ер адам сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Шымкентте есірткі заттарын такси арқылы жолдаған Жамбыл облысының тұрғынына сот үкімі шықты, қалалық полиция департаментінің... 27.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-27T07:00+0500
2023-01-27T07:00+0500
2023-01-27T07:00+0500
есірткі
такси
https://sputnik.kz/img/old/837/19/8371932_0:178:3007:1869_1920x0_80_0_0_befa0e3461d2d8e4729e15a8efe40be6.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Шымкентте есірткі заттарын такси арқылы жолдаған Жамбыл облысының тұрғынына сот үкімі шықты, қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.48 жастағы азамат Жамбыл облысындағы жайылымдардың бірінде өздігінен өсіп тұрған құрамында есірткі бар жабайы қарасораны кептіріп, 14 076,25 грамм марихуананы өткізу мақсатында заңсыз иемденген, сақтаған және тасымалдаған.Дегенмен оның ойы іске аспай, есірткі заттары сақталған такси автокөлігін Шымкент қаласындағы автобекеттердің бірінде полиция қызметкерлері ұстаған.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында такси жүргізушісі қорапты ашпағанын және оның ішінде не болғанын білмейтінін, жөнелтуші ішінде киімдер мен тамақ бар деп айтқанын көрсеткен. Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне жөнелтушінің деректерін көрсетіп, есірткі заттарын өз еркімен тапсырған.Есірткі заттарын жөнелтуші өзінің кінәсін толық мойындап, басты сот талқылауында бұл әрекетіне өкінетінін жеткізген.Сот үкімімен айыпталушы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.
https://sputnik.kz/20230126/qostanayda-student-qyzdar-qylmys-ustinde-ustaldy-31460103.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/837/19/8371932_139:0:2868:2047_1920x0_80_0_0_20f13b45157883aa504fb92cc1422564.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, такси
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Шымкентте есірткі заттарын такси арқылы жолдаған Жамбыл облысының тұрғынына сот үкімі шықты, қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
48 жастағы азамат Жамбыл облысындағы жайылымдардың бірінде өздігінен өсіп тұрған құрамында есірткі бар жабайы қарасораны кептіріп, 14 076,25 грамм марихуананы өткізу мақсатында заңсыз иемденген, сақтаған және тасымалдаған.
"Содан өзінің қылмыстық әрекетін әрі қарай жалғастыра отырып, 2022 жылдың сәуір айында есірткі затын өткізу мақсатында "Индрайвер" қосымшасы арқылы Шымкент қаласы бағытындағы жолаушылар тасымалымен айналысатын таксиге салып жіберген", - делінген хабарламада.
Дегенмен оның ойы іске аспай, есірткі заттары сақталған такси автокөлігін Шымкент қаласындағы автобекеттердің бірінде полиция қызметкерлері ұстаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында такси жүргізушісі қорапты ашпағанын және оның ішінде не болғанын білмейтінін, жөнелтуші ішінде киімдер мен тамақ бар деп айтқанын көрсеткен. Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне жөнелтушінің деректерін көрсетіп, есірткі заттарын өз еркімен тапсырған.
Есірткі заттарын жөнелтуші өзінің кінәсін толық мойындап, басты сот талқылауында бұл әрекетіне өкінетінін жеткізген.
Сот үкімімен айыпталушы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.