Семейде әскери қызметкер мемлекетке 1 млн теңге төлеуге міндеттелді

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрлігінің Астана қаласы қорғаныс істері департаменті Семей гарнизоны әскери сотына бюджет қаражаты есебінен оқыған борышкерден 1 миллион теңгеден астам қаржыны өндіру туралы арыз түсірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жас жігіт Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтына түсіп, оқып жүрген кезінде және оқу орнын бітіргеннен кейін 10 жыл қызмет өткеруге келісімшартқа қол қойған. Бірақ өткен жазда әскери қызметтен қуылған.
Осылайша, келісімшарт талабы орындалмай, арызданушы соттан оқытуға жұмсалған қаражатты өндіруді сұраған.
"Заңның 26-бабының 10-тармағы және "Әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде әскери кадрларды даярлауға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығы негізінде сот мемлекет пайдасына 1 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын өндіруге шешім қабылдады", - деп жазылған сот хабарламасында.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ұлттық ұланның мыңға жуық әскери қызметшісі грантпен оқиды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Ұлттық ұланның мыңға жуық әскери қызметшісі грантпен оқиды
Жаңалықтар
0