https://sputnik.kz/20250528/ulttyq-ulannyn-mynga-zhuyq-askeri-qyzmetshisi-grantpen-oqidy-53966555.html
Ұлттық ұланның мыңға жуық әскери қызметшісі грантпен оқиды
Ұлттық ұланның мыңға жуық әскери қызметшісі грантпен оқиды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мыңға жуық білім грантына ие болды. 28.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-28T09:18+0500
2025-05-28T09:18+0500
2025-05-28T09:18+0500
білім гранттары
ұлттық ұлан
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1c/53966696_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_adadd7a8e90dd01ff9d41f9356b01fd9.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мыңға жуық білім грантына ие болды."Астанада республикалық "Срочник 2.0" байқауының нәтижесі бойынша мерзімді қызметтегі сарбаздарға білім гранттары салтанатты түрде табысталды", - деп жазылған Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Гранттарды Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков табыстады.Қарулы күштер мен еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бұл бастама 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Келісімдерге сәйкес, мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтарға мемлекеттік білім беру гранттары қарастырылған.Мемлекет есебінен оқумен қатар, жастарға шәкіртақы, тегін жатақхана және әскери кафедраға конкурстан тыс қабылдану мүмкіндігі беріледі.Еліміздің барлық өңірінен 5,5 мыңнан астам құқықтық тәртіп әскері сарбаздары байқауға қатысуға өтініш білдірді. Жеңімпаздар жауынгерлік даярлығы, тәртібі мен арнайы тапсырмаларды орындауы бойынша үздік нәтижелер көрсеткендер арасынан анықталды. Осы бағалар негізінде гранттардың бөлінуіне әсер ететін рейтинг қалыптасады.Айта кету керек, Қазақстанның 70-тен астам жоғары оқу орны байқау жеңімпаздарын оқуға қабылдау туралы меморандумға қол қойған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1c/53966696_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_aa1c909666e59818ab6c95f4edc85c3a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім гранттары, ұлттық ұлан
білім гранттары, ұлттық ұлан
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мыңға жуық білім грантына ие болды.
"Астанада республикалық "Срочник 2.0" байқауының нәтижесі бойынша мерзімді қызметтегі сарбаздарға білім гранттары салтанатты түрде табысталды", - деп жазылған Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Гранттарды Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков табыстады.
"Республика бойынша 910 ұландық, соның ішінде елордалық бригададан 114 сарбаз Қазақстанның жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін сертификаттарға лайықты түрде ие болды. Мемлекет әскер мектебінен абыроймен өткен жастарға сенім артып отыр", — деді Балтабеков.
Қарулы күштер мен еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бұл бастама 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Келісімдерге сәйкес, мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтарға мемлекеттік білім беру гранттары қарастырылған.
Мемлекет есебінен оқумен қатар, жастарға шәкіртақы, тегін жатақхана және әскери кафедраға конкурстан тыс қабылдану мүмкіндігі беріледі.
Еліміздің барлық өңірінен 5,5 мыңнан астам құқықтық тәртіп әскері сарбаздары байқауға қатысуға өтініш білдірді. Жеңімпаздар жауынгерлік даярлығы, тәртібі мен арнайы тапсырмаларды орындауы бойынша үздік нәтижелер көрсеткендер арасынан анықталды. Осы бағалар негізінде гранттардың бөлінуіне әсер ететін рейтинг қалыптасады.
Айта кету керек, Қазақстанның 70-тен астам жоғары оқу орны байқау жеңімпаздарын оқуға қабылдау туралы меморандумға қол қойған.