Есіл өзеніне 4 млрд текше метрден астам су жіберілді

© Sputnik / Елена БережнаяЕсіл өзеніне 4 млрд текше метрден астам су жіберілді
Есіл өзеніне 4 млрд текше метрден астам су жіберілді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Жазылу
Бүгінде Есілдің орта ағысында балықтардың табиғи уылдырық шашатын жерлері суға толып тұр
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Табиғатты қорғау мақсатында су ресурстары және ирригация министрлігі Есіл өзеніне Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасынан 4 млрд текше метрден астам су жіберді.
Жыл сайын жүргізілетін санитарлық және табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулер Есіл өзенінің аңғарындағы флора мен фаунаның тіршілік ортасын және биологиялық алуан түрлілікті сақтауға бағытталған. Сонымен қатар бұл су ағызулар өзен арнасын тазартуға да көмектеседі.
"Бүгінде Есілдің орта ағысында балықтардың табиғи уылдырық шашатын жерлері суға толып тұр. Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулер – экологияны сақтауға, өңірдегі ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының дамуына көмектеседі. Ал бұл өз кезегінде жергілікті халықтың тұрмысын жақсартуға оң әсер етеді", – деді Есіл бассейндік инспекциясының басшысы Ғалидолла Азидуллин.
Спасатели на Иртыше - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Павлодар облысының экожүйесін сақтауға 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді
Жаңалықтар
0