https://sputnik.kz/20250512/pavlodar-oblysynyn-ekozhuyesin-saqtauga-63-mlrd-tekshe-metrden-astam-su-zhiberildi-53452686.html
Павлодар облысының экожүйесін сақтауға 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді
Павлодар облысының экожүйесін сақтауға 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді
Sputnik Қазақстан
Бұл жергілікті халықтың тұрмысына да оң әсерін тигізеді 12.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-12T08:25+0500
2025-05-12T08:25+0500
2025-05-12T08:25+0500
су
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/08/0a/14676025_0:86:1664:1022_1920x0_80_0_0_ca9ad5309bbcc9665c323034fe8303b4.jpg
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.Ертіс өзенінің жайылмалы аумағындағы флора мен фаунаның тіршілік ету ортасын және табиғи өнімділігін сақтау үшін жыл сайын су жіберіліп тұрады. Бүгінгі таңда өзеннің орта ағысындағы балықтардың уылдырық шашатын табиғи аймақтары су астында қалды. Сондай-ақ су жіберу Ертіс өзенінің арнасын тазалауға да бағытталған.Қазір Павлодар облысындағы гидробекеттерде су деңгейінің көтерілгені және Ертіс өзенінің жайылымды аумақтарын су басқаны байқалып отыр. Сондай-ақ Павлодар облысында Шідерті өзенінің жайылымына да табиғатты қорғау мақсатында су жіберіліп жатыр. Бүгінгі таңда К. Сәтбаев атындағы каналдан 60 млн текше метрден астам су бағытталды.Екібастұз қаласы мен Ақтоғай ауданының ауылдық аумағындағы флора мен фаунаны сақтауға, сондай-ақ Әулиекөл көлдер жүйесі, Басентин және Шығанақ көлдерін толтыруға жалпы көлемі 120 млн текше метр су бағыттау жоспарланып отыр.Бүгінде Екібастұз қаласының ауылдық аймағындағы 9 мың гектардан астам көлтабандар суға толды. Жалпы алғанда 21 мың гектардан астам алқапқа су жіберу жоспарланған. Табиғатты қорғау жұмыстары басталғаннан бері Шығанақ көліне 10 млн текше метр су келді.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/0a/14676025_94:0:1570:1107_1920x0_80_0_0_579a6a9da351440722a58d89a5402089.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су, павлодар облысы
Павлодар облысының экожүйесін сақтауға 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді
Бұл жергілікті халықтың тұрмысына да оң әсерін тигізеді
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.
"Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан Павлодар облысы аумағындағы Ертіс өзенінің жайылымына 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатында жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Ертіс өзенінің жайылмалы аумағындағы флора мен фаунаның тіршілік ету ортасын және табиғи өнімділігін сақтау үшін жыл сайын су жіберіліп тұрады. Бүгінгі таңда өзеннің орта ағысындағы балықтардың уылдырық шашатын табиғи аймақтары су астында қалды. Сондай-ақ су жіберу Ертіс өзенінің арнасын тазалауға да бағытталған.
Қазір Павлодар облысындағы гидробекеттерде су деңгейінің көтерілгені және Ертіс өзенінің жайылымды аумақтарын су басқаны байқалып отыр. Сондай-ақ Павлодар облысында Шідерті өзенінің жайылымына да табиғатты қорғау мақсатында су жіберіліп жатыр. Бүгінгі таңда К. Сәтбаев атындағы каналдан 60 млн текше метрден астам су бағытталды.
"Табиғатты қорғау мақсатында жіберілетін су тек қоршаған ортаны және өңірдің табиғи байлығын сақтауға көмектесіп қана қоймайды. Бұл ауыл шаруашылығының, мал шаруашылығының және жалпы Павлодар облысы экономикасының дамуына ықпал етеді. Ал бұл жергілікті халықтың тұрмысына оң әсерін тигізеді", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Екібастұз қаласы мен Ақтоғай ауданының ауылдық аумағындағы флора мен фаунаны сақтауға, сондай-ақ Әулиекөл көлдер жүйесі, Басентин және Шығанақ көлдерін толтыруға жалпы көлемі 120 млн текше метр су бағыттау жоспарланып отыр.
Бүгінде Екібастұз қаласының ауылдық аймағындағы 9 мың гектардан астам көлтабандар суға толды. Жалпы алғанда 21 мың гектардан астам алқапқа су жіберу жоспарланған. Табиғатты қорғау жұмыстары басталғаннан бері Шығанақ көліне 10 млн текше метр су келді.