Құрбан айт-2025: Астанада құрбандық шалатын орындар анықталды

© Sputnik / Абзал Калиев Abzal KALIYEVЖертвоприношение на Курбан айт
Жертвоприношение на Курбан айт - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Жазылу
Биыл құрбандық шалуға арналған келесі 5 орын белгіленді
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Астанада құрбандық шалуға арналған арнайы орындар белгіленді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес, 6 маусым күні таңғы сағат 6:00-де қаланың барлық мешітінде айт намазы оқылады.
Астанада арнайы бөлінген орындарда құрбандық шалу сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Аудан әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша 2025 жылы құрбандық шалуға арналған келесі 5 орын белгіленді:
Байқоңыр ауданы: "Жайлау" базары – Алаш тасжолы, Ц-313 көшесі; "Big Шанхай" базары – Алаш тасжолы, 34/6 (Көк базардың артында); "Баракат" базары – А-369 көшесі, №10 ғимарат; "Шәушен" шаруа қожалығы – Алаш тасжолы, 136Б.
Алматы ауданы: "Ет-Хан" ет цехы – Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.
Сонымен қатар Құрбан айт күндері құрбандық шалу және өзге де өзекті мәселелер бойынша тұрғындарға кеңес беру үшін "109" call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтін болады.
Биыл Қазақстанда Құрбан айт мейрамы 6-8 маусым аралығында өтеді.
Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Құрбан айт: ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
Жаңалықтар
0