Құрбан айт: ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

© Photo : Госкорпорация "Правительство для граждан" Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталығы
Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Құрбай айт мерекесі күні барлық халыққа қызмет көрсету орталықтғы жұмыс істемейді. Ал сенбі күні кезекші орталықтарға баруға болады.
"Құрбан айт мерекесіне орай 6 маусым күні ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. 7 маусым, сенбі күні азаматтарды тек кезекші орталықтар қабылдайды. Кезекші орталықтар тізімін осы жерден қарауға болады", - делінген ресми хабарламада.
9 маусымнан бастап барлық орталық әдеттегі жұмыс кестесіне сай қызмет көрсетеді.
Айта кетері, 6 маусым – Құрбан айтта ресми демалыс күні болады.
Құрбан айт намазының уақыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2025
Инфографика
Құрбан айт намазының уақыты
Жаңалықтар
0