https://sputnik.kz/20250605/qorganys-ministrligi-eriktiler-zhasagyn-quru-tartibin-tusindirdi-54314399.html
Қорғаныс министрлігі еріктілер жасағын құру тәртібін түсіндірді
Қорғаныс министрлігі еріктілер жасағын құру тәртібін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Еріктілер құрамаларын басқаратын командирлер бөлек дайындалады 05.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-05T12:25+0500
2025-06-05T12:25+0500
2025-06-05T12:25+0500
қорғаныс министрлігі
еріктілер
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0c/40861056_0:51:982:603_1920x0_80_0_0_98ae286c2dd4687892e1679744f54cd7.jpg
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы күштердің бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов еріктілер жасақтарын құру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін сенат Қазақстанның аумақтық қорғанысына қатысты заңдарды мақұлдады. Соның аясында "ерікті" және "өзін-өзі қорғауды қалыптастыру" сияқты негізгі ұғымдар қорғаныс жүйесіне алғаш рет енгізіліп отыр.Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы күштері бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдиновтың айтуынша, аумақтық әскерге өз еркімен келген адам әскери қызметшімен бірдей болады.Осы орайда штаб басшысы аумақтық әскерге өз еркімен келген адам мен волонтердің айырмашылығын да түсіндірді. Өз еркімен келген адам арнайы мақсат-міндеттерді орындауға қатысса, волонтер қосымша жұмыстарға ғана тартылады. Ал еріктілер жасақтарын әскери дайындығы бар адамдар басқарады."Еріктілер құрамаларын басқаратын командирлер бөлек дайындалады. Оған әскери қызмет саласында тәжірибесі бар азаматтар тартылады", - деді Қамалетдинов.Айта кетері, қазіргі кезде әрбір облыста аумақтық қорғаныс бригадасы бар.
https://sputnik.kz/20250605/aumaqtyq-qorganys-zheke-sala-retinde-qaralady-zan-prezidenttin-qol-qoyuyna-zhiberildi-54312629.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0c/40861056_55:0:927:654_1920x0_80_0_0_bfa4ab0efe3d83b580198eb3c5c08f5c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрлігі, еріктілер
қорғаныс министрлігі, еріктілер
Қорғаныс министрлігі еріктілер жасағын құру тәртібін түсіндірді
Еріктілер құрамаларын басқаратын командирлер бөлек дайындалады
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы күштердің бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов еріктілер жасақтарын құру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенат Қазақстанның аумақтық қорғанысына қатысты
заңдарды мақұлдады. Соның аясында "ерікті" және "өзін-өзі қорғауды қалыптастыру" сияқты негізгі ұғымдар қорғаныс жүйесіне алғаш рет енгізіліп отыр.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы күштері бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдиновтың айтуынша, аумақтық әскерге өз еркімен келген адам әскери қызметшімен бірдей болады.
"Ол да белгілі бір міндеттерді атқарады. Ал жарақат немесе контузия алған жағдайда әскери қызметші сияқты тиісті төлемдерді алады", - деді Қамалетдинов сенаттың бүгінгі отырысында.
Осы орайда штаб басшысы аумақтық әскерге өз еркімен келген адам мен волонтердің айырмашылығын да түсіндірді. Өз еркімен келген адам арнайы мақсат-міндеттерді орындауға қатысса, волонтер қосымша жұмыстарға ғана тартылады. Ал еріктілер жасақтарын әскери дайындығы бар адамдар басқарады.
"Еріктілер құрамаларын басқаратын командирлер бөлек дайындалады. Оған әскери қызмет саласында тәжірибесі бар азаматтар тартылады", - деді Қамалетдинов.
Айта кетері, қазіргі кезде әрбір облыста аумақтық қорғаныс бригадасы бар.