https://sputnik.kz/20250605/meditsinalyq-saqtandyru-qory-basshysynyn-orynbasary-ustaldy-54330742.html
Медициналық сақтандыру қоры басшысының орынбасары ұсталды
Медициналық сақтандыру қоры басшысының орынбасары ұсталды
Sputnik Қазақстан
Тергеу мәліметі бойынша ұрлық "Damumed-ке" көрсетілген қызметтер туралы жалған ақпарат енгізу арқылы жасалған 05.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-05T19:49+0500
2025-06-05T19:49+0500
2025-06-05T19:49+0500
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_d00b34228e9a99484e1bad605824b910.jpg
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Антикорға сілтеме жасап.Ол халыққа медициналық қызмет көрсету үшін денсаулық сақтау субъектісіне бөлінген 400 млн теңгеден астам қаражатты жүйелі түрде ұрлады деген күдікке ілінді.Іс жүзінде медициналық қызметтер көрсетілмеген, отыз мыңнан астам жалған тіркеу анықталды.Сонымен қатар ол жеке медициналық мекеменің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қатысып, қордан жымқырылған қаражатты, оның ішінде қымбат мүлікті сатып алу арқылы заңдастырды деген күдікке ілінді.Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.Тергеу жалғасып жатыр, шенеунік пен басқа адамдардың басқа қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
https://sputnik.kz/20250430/mindetti-aleumettik-meditsinalyq-saqtandyru-zhuyesi-ozgeredi-52997657.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_673503435891cdd564218c12645f877c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сыбайлас жемқорлық
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сыбайлас жемқорлық
Медициналық сақтандыру қоры басшысының орынбасары ұсталды
Тергеу мәліметі бойынша ұрлық "Damumed-ке" көрсетілген қызметтер туралы жалған ақпарат енгізу арқылы жасалған
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Антикорға
сілтеме жасап.
Ол халыққа медициналық қызмет көрсету үшін денсаулық сақтау субъектісіне бөлінген 400 млн теңгеден астам қаражатты жүйелі түрде ұрлады деген күдікке ілінді.
"Қылмыс медициналық ұйымның "Damumed" ақпараттық жүйесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Өскемен қаласының тұрғындарына көрсетілген қызметтер туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы жасалды", - деп жазылған хабарламада.
Іс жүзінде медициналық қызметтер көрсетілмеген, отыз мыңнан астам жалған тіркеу анықталды.
Сонымен қатар ол жеке медициналық мекеменің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қатысып, қордан жымқырылған қаражатты, оның ішінде қымбат мүлікті сатып алу арқылы заңдастырды деген күдікке ілінді.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасып жатыр, шенеунік пен басқа адамдардың басқа қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.