https://sputnik.kz/20250605/26-ret-pyshaq-salgan-astanada-kuzetshini-oltirgen-er-adam-sottaldy-54331400.html
26 рет пышақ салған: Астанада күзетшіні өлтірген ер адам сотталды
26 рет пышақ салған: Астанада күзетшіні өлтірген ер адам сотталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Астанада күзетшіні өлтірген бұрынғы күзетші 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 05.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-05T21:12+0500
2025-06-05T21:12+0500
2025-06-05T21:12+0500
сот
күзетші
астана
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Астанада күзетшіні өлтірген бұрынғы күзетші 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жекеменшік серіктестікте күзетші болған ер адам жұмыстан шығып қалған. Алайда наразылығын айтып, басшылыққа қайта-қайта келіп жүрген. Қайғылы оқиға болатын күні ол тағы да мекемеге келеді. Серіктестік басшысы жұмыс орнындағы күзетшіге бұрынғы жұмысшыны жолатпауды тапсырады. Салдарынан олардың арасында төбелес болады.Қылмыстық істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.Айта кетейік, оқиға биыл 24 қаңтарда болған.Қызметтегі күзетші оқиға орнында көз жұмады. Алайда айыпталушы сотта тағылған айыпты ішінара мойындады.Сот үкімімен күдікті ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы "Адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Марқұмның туыстарына 8 млн теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді.
https://sputnik.kz/20241031/almatyda-kuzetshini-oltirgen-kudiktige-qatysty-tergeu-qayta-zhurgiziledi-48190445.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, күзетші, астана
26 рет пышақ салған: Астанада күзетшіні өлтірген ер адам сотталды
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Астанада күзетшіні өлтірген бұрынғы күзетші 15 жылға сотталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жекеменшік серіктестікте күзетші болған ер адам жұмыстан шығып қалған. Алайда наразылығын айтып, басшылыққа қайта-қайта келіп жүрген. Қайғылы оқиға болатын күні ол тағы да мекемеге келеді. Серіктестік басшысы жұмыс орнындағы күзетшіге бұрынғы жұмысшыны жолатпауды тапсырады. Салдарынан олардың арасында төбелес болады.
Қылмыстық істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
Айта кетейік, оқиға биыл 24 қаңтарда болған.
"Кәсіпкер күзетшіге бұрынғы күзетшінің қойма маңынан шығаруды тапсырады. Бірақ бұрынғы және қазіргі күзетші арасында жанжал шығып, күзетшілер бөлмесінде төбелескен. Ашуға булыққан бұрынғы жұмысшы қарсыласын ұрып, есінен тандырып, артынша буындырып, пышақпен 26 рет дене жарақатын салған", - дейді қалалық сот.
Қызметтегі күзетші оқиға орнында көз жұмады. Алайда айыпталушы сотта тағылған айыпты ішінара мойындады.
Сот үкімімен күдікті ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы "Адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Марқұмның туыстарына 8 млн теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді.