https://sputnik.kz/20241031/almatyda-kuzetshini-oltirgen-kudiktige-qatysty-tergeu-qayta-zhurgiziledi-48190445.html
Алматыда күзетшіні өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта жүргізіледі
Алматыда күзетшіні өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта жүргізіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Алматыда асқан қатыгездікпен күзетшіні өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта жүргізіледі, деп хабарлайды КТК арнасы. 31.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-31T09:11+0500
2024-10-31T09:11+0500
2024-10-31T09:12+0500
алматы
күзетші
сот
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Алматыда асқан қатыгездікпен күзетшіні өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта жүргізіледі, деп хабарлайды КТК арнасы. Бұған дейін прокуратура Нұрбол Қайыпбаевты жер жастандырған азаматқа психиатриялық дертке шалдыққан деген қорытынды шығарып, іс тоқтатылған болатын. Енді бұл шешім өзгертілді.Оқиға наурыз айында "Самал" ықшамауданында болған. Күдікті мас күйде көлігіне мініп тұрғын үй кешені аумағынан жылдамдықпен шығуға тырысады. Шлагбаум алдындағы күзетші оған бұл әрекетінің заңға қайшы екенін айтып жолын бөгемекші болған. Бірақ жол талғамайтын көлік мінген азамат күзетшіні машинасымен үш рет қағып, шалажансар жатқанда басынан тепкілеген. Кейін полиция күдіктіні қамауға алып тергеуді бастады. Сараптама қорытындысы бойынша күдікті психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық орталыққа жатқызылып, тергеу тоқтатылған болатын. Десе де бүгін іс қайта жанданып, күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды. "Тергеушімен хабарластық. Ол тергеу абақтысына әкелінді деді. Енді қазір сот сараптасы тағайындалуы керек. Қаулы шығарылады. Сол қаулымен танысамыз. Соған үлкен үміт артып отырмыз. Егер шынайы ол ауру болса, енді оны сот шешім қабылдайды. Тергеу толыққанды өтсін деп қадағалап отырмыз", - дейді адвокат Асылбек Әбдірайымов.
https://sputnik.kz/20231227/balalaryna-ne-deymiz-almatyda-avtobus-qagyp-oltirgen-erli-zayypty-zherlendi-41223878.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, күзетші, сот
Алматыда күзетшіні өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта жүргізіледі
09:11 31.10.2024 (жаңартылды: 09:12 31.10.2024) АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Алматыда асқан қатыгездікпен күзетшіні өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта жүргізіледі, деп хабарлайды
КТК арнасы.
Бұған дейін прокуратура Нұрбол Қайыпбаевты жер жастандырған азаматқа психиатриялық дертке шалдыққан деген қорытынды шығарып, іс тоқтатылған болатын. Енді бұл шешім өзгертілді.
"Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу сот-психиатриялық сараптамаға байланысты үзілген болатын. Қазіргі уақытта өндіріс қалпына келтіріліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілетін болады", - Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқиға наурыз айында "Самал" ықшамауданында болған. Күдікті мас күйде көлігіне мініп тұрғын үй кешені аумағынан жылдамдықпен шығуға тырысады. Шлагбаум алдындағы күзетші оған бұл әрекетінің заңға қайшы екенін айтып жолын бөгемекші болған. Бірақ жол талғамайтын көлік мінген азамат күзетшіні машинасымен үш рет қағып, шалажансар жатқанда басынан тепкілеген.
Кейін полиция күдіктіні қамауға алып тергеуді бастады. Сараптама қорытындысы бойынша күдікті психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық орталыққа жатқызылып, тергеу тоқтатылған болатын. Десе де бүгін іс қайта жанданып, күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды.
"Тергеушімен хабарластық. Ол тергеу абақтысына әкелінді деді. Енді қазір сот сараптасы тағайындалуы керек. Қаулы шығарылады. Сол қаулымен танысамыз. Соған үлкен үміт артып отырмыз. Егер шынайы ол ауру болса, енді оны сот шешім қабылдайды. Тергеу толыққанды өтсін деп қадағалап отырмыз", - дейді адвокат Асылбек Әбдірайымов.