https://sputnik.kz/20250604/taraz-shymkent-tas-zholynda-qozgalysqa-ne-ushin-shekteu-qoyylgany-belgili-boldy--54293275.html
Тараз-Шымкент тас жолында қозғалысқа не үшін шектеу қойылғаны белгілі болды
Тараз-Шымкент тас жолында қозғалысқа не үшін шектеу қойылғаны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Жолда 124 тонна ірі габаритті жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған 04.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-04T17:27+0500
2025-06-04T17:27+0500
2025-06-04T18:09+0500
жол
түркістан облысы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/272/26/2722696_0:0:1205:678_1920x0_80_0_0_808bcb5f775e371a0e22ce9690785ad4.jpg
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Тараз-Шымкент жолында рұқсатсыз қозғалған ірі габаритті жүк көлігінің салдарынан жол-көлік оқиғасы болып, қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.Түркістан облысы Түлкібас ауданы Келтемашат елдімекенінің маңында Тараз-Шымкент бағыты бойынша I-б санатты ақылы автожолдың 653-ші шақырымында Shacman маркалы ірі габаритті жүк көлігінің (ұзындығы – 43,8 м, ені – 5,2 м, биіктігі - 5,2 м, салмағы - 124,8 т) қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған. Қазіргі уақытта қозғалыс бір жолақпен ұйымдастырылуда. Жол қозғалысын толық қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жамылғысы құрғақ, жол белгілері орналасу тәртібіне сәйкес орнатылған. Айта кетейік, "ҚазАвтоЖол" Түркістан облыстық филиалы бұл көлік құралының қозғалысына рұқсат бермеген, себебі оның өлшемдері белгіленген нормативтерге сәйкес емес.
https://sputnik.kz/20250529/54051460.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/272/26/2722696_151:0:1055:678_1920x0_80_0_0_46e0d1e3f041bcf0f1f4703fab4aac2c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, түркістан облысы, жол апаты
жол, түркістан облысы, жол апаты
Тараз-Шымкент тас жолында қозғалысқа не үшін шектеу қойылғаны белгілі болды
17:27 04.06.2025 (жаңартылды: 18:09 04.06.2025) Жолда 124 тонна ірі габаритті жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Тараз-Шымкент жолында рұқсатсыз қозғалған ірі габаритті жүк көлігінің салдарынан жол-көлік оқиғасы болып, қозғалысқа шектеу қойылды, деп
хабарлайды ҚазАвтоЖол.
Түркістан облысы Түлкібас ауданы Келтемашат елдімекенінің маңында Тараз-Шымкент бағыты бойынша I-б санатты ақылы автожолдың 653-ші шақырымында Shacman маркалы ірі габаритті жүк көлігінің (ұзындығы – 43,8 м, ені – 5,2 м, биіктігі - 5,2 м, салмағы - 124,8 т) қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.
"Жүк көлігі Тараз - Шымкент бағытында келе жатқан. Машат асуында көлік құралының тежегіш жүйесі істен шығып, нәтижесінде жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмады. Жүк көлігі екі бағыттағы жолды жауып, 220 метр қоршауға зақым келтірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қозғалыс бір жолақпен ұйымдастырылуда. Жол қозғалысын толық қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жамылғысы құрғақ, жол белгілері орналасу тәртібіне сәйкес орнатылған.
Айта кетейік, "ҚазАвтоЖол" Түркістан облыстық филиалы бұл көлік құралының қозғалысына рұқсат бермеген, себебі оның өлшемдері белгіленген нормативтерге сәйкес емес.