Қазақстан геологиялық барлауға 820 млн доллардан астам қаржы салды - министрлік

© Photo : Предоставлено Павлодарским домом географии Геологиялық музей экспонаты
Геологиялық музей экспонаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Жазылу
Алюминийді қайта өңдеу 2022 жылдан бастап 83%, ал мыс өңдеу 33%-ке өсті
АСТАНА, 4 маусым - Sputnik. 7 жылда Қазақстан жер қойнауын барлауға 820 млн доллардан астам қаражат салды, деп хабарлады өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Конгрестің салтанатты ашылуында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан геологиялық барлауды белсенді дамыту қажеттілігін мәлімдеді.

"2018 жылдан бастап геологиялық барлауға 420 млрд теңгеден астам қаражат тартылды. Біз геологиялық барлау алаңын 2026 жылға қарай 1,9 млн шаршы километрден 2,2 млн шаршы километрге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз", - дейді Иран Шархан.

Оның айтуынша, геодеректерді цифрландыру және халықаралық стандарттарды енгізу Қазақстанға инвесторлар үшін ашықтық пен тең жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ол Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіруді лицензиялау экспортты шектемейтініне, бірақ ішкі өндірістік қуаттарды жүктеуге бағытталғанына сенімді.
Ведомствоның мәліметінше, алюминийді қайта өңдеу 2022 жылдан бастап 83%, ал мыс өңдеу 33%-ке өсті.
Конгресс пен көрмеге 20 мемлекеттен 1300 делегат, сондай-ақ Германия, Қазақстан, Канада, Кипр, Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция, Швейцария, Швеция, Жапониядан 50 компания қатысты.
Касым-Жомарт Токаев провел переговоры с Виктором Орбаном - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Мажарстан Қазақстан экономикасына 370 млн доллар инвестиция құйды
Жаңалықтар
0