https://sputnik.kz/20250604/batys-qazaqstandagy-tragediya-akim-otbasyga-barynsha-qoldau-korsetiletinin-aytty-54298817.html
Батыс Қазақстандағы трагедия: әкім отбасыға барынша қолдау көрсетілетінін айтты
Батыс Қазақстандағы трагедия: әкім отбасыға барынша қолдау көрсетілетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Нариман Төреғалиев әкімдік жерлеу рәсімін ұйымдастырып, отбасыны баспанамен қамтамасыз ететінін мәлімдеді 04.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-04T20:54+0500
2025-06-04T20:54+0500
2025-06-04T20:54+0500
батыс қазақстан облысы
өрт
балалар
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/02/29959214_0:36:1280:756_1920x0_80_0_0_e6e2b816c06c1d5610575e0dbb192063.jpg
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданында болған қайғылы оқиғадан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әкім Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.Оның айтуынша әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі:Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр."Жағдай менің жіті бақылауымда", - деп түйіндеді Нариман Төреғалиев.Еске сала кетейік, Жымпиты ауылында бір отбасының бес баласы өрт салдарынан көз жұмды. Үйде 30 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жеке заттар мен жиһаз жанған. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты. Өкінішке қарай балалар ауруханада қайтыс болды.
https://sputnik.kz/20250604/54294387.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/02/29959214_112:0:1168:792_1920x0_80_0_0_a689e48976e9cfb80dcb83c6546dd5f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, өрт, балалар
батыс қазақстан облысы, өрт, балалар
Батыс Қазақстандағы трагедия: әкім отбасыға барынша қолдау көрсетілетінін айтты
Нариман Төреғалиев әкімдік жерлеу рәсімін ұйымдастырып, отбасыны баспанамен қамтамасыз ететінін мәлімдеді
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданында болған қайғылы оқиғадан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әкім Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
"Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр", - деп жазды облыс басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі:
жерлеу рәсімін ұйымдастыру,
психологиялық көмек көрсету,
баспанамен қамтамасыз ету,
өзге де әлеуметтік қолдау шаралары.
Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
"Жағдай менің жіті бақылауымда", - деп түйіндеді Нариман Төреғалиев.
Еске сала кетейік, Жымпиты ауылында бір отбасының бес баласы
өрт салдарынан көз жұмды. Үйде 30 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жеке заттар мен жиһаз жанған. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты. Өкінішке қарай балалар ауруханада қайтыс болды.