https://sputnik.kzhttps://t.me/sputnik_aitady/24102
Батыс Қазақстанда өрт салдарынан бір үйдің бес баласы көз жұмды
Батыс Қазақстанда өрт салдарынан бір үйдің бес баласы көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты 04.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-04T17:35+0500
2025-06-04T17:35+0500
2025-06-04T18:21+0500
sputnik kazakhstan
өрт
трагедия
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44436088_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_faec9d5b281a5ca33b19ea810adeb911.jpg
АЛМАТЫ, 4 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында бір отбасының бес баласы өрт салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қайғылы оқиға бүгін болған. Өрт сөндірушілерге жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.Ведомствоның мәліметінше, балаларға иіс тиген.Оқиға орнына ТЖД басшылығы, зерттеу-сынақ өрт зертханасы, анықтау бөлімі және ТЖ департаментінің психологы шықты.Ауыл әкімдігінің айтуынша, бес баланың үлкені 2019 жылғы, кенжесі бір жас шамасында. Жас отбасы екі жыл бұрын осы ауылға қоныс аударған. Балалардың әкесі мәдениет үйінде шаруашылық меңгерушісі, ал анасы үй шаруасында. Жалдамалы баспанада тұрған. Өрттің неден шыққаны белгісіз.Өрт толығымен сөндірілді.@sputnik_aitady
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44436088_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_20e94be30cd6463d2e9fabef3abb6e0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
sputnik kazakhstan, өрт, трагедия
sputnik kazakhstan, өрт, трагедия
Батыс Қазақстанда өрт салдарынан бір үйдің бес баласы көз жұмды
17:35 04.06.2025 (жаңартылды: 18:21 04.06.2025) Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты
АЛМАТЫ, 4 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында бір отбасының бес баласы өрт салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға бүгін болған. Өрт сөндірушілерге жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына қоңырау түскеннен кейін 5 минуттан кейін келді. Үйде 30 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жеке заттар мен жиһаз жанып жатты. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты. Өкінішке қарай балалар ауруханада қайтыс болды", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, балаларға иіс тиген.
Оқиға орнына ТЖД басшылығы, зерттеу-сынақ өрт зертханасы, анықтау бөлімі және ТЖ департаментінің психологы шықты.
Ауыл әкімдігінің айтуынша, бес баланың үлкені 2019 жылғы, кенжесі бір жас шамасында. Жас отбасы екі жыл бұрын осы ауылға қоныс аударған. Балалардың әкесі мәдениет үйінде шаруашылық меңгерушісі, ал анасы үй шаруасында. Жалдамалы баспанада тұрған. Өрттің неден шыққаны белгісіз.
Өрт толығымен сөндірілді.