Астанада 10 мыңнан астам бала бір мезетте әнұранды орындады

© Photo : Елорда әкімдігінің ресми сайтыАстанада 10 мыңнан астам бала бір мезетте әнұранды орындады
Астанада 10 мыңнан астам бала бір мезетте әнұранды орындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Жазылу
Іс-шараға қаланың 92 мектебі мен 13 қосымша білім беру орталығы қатысты
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Астанада 10 мыңнан астам бала бір мезетте Мемлекеттік әнұранды орындады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Астанадағы жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының жазғы лагерьлерінде ауқымды патриоттық іс-шара ұйымдастырылды.
"Қаланың 92 мектебі мен 13 қосымша білім беру орталығының қатысуымен өткен бұл іс-шара аясында 10 000-нан астам бала бір мезетте Мемлекеттік әнұранды орындады", - деп жазылған хабарламада.
Мұндағы мақсат – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Айта кетері, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні, бұл мереке 2007 жылдан бері ресми түрде аталып өтеді. Бұл күн – Елтаңба, Ту мен Әнұран сынды тәуелсіздігіміздің нышандарын құрметтеудің жарқын көрінісі.
Мемлекеттік рәміздер - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні
Жаңалықтар
0