https://sputnik.kz/20250603/songy-10-zhylda-algash-ret-zhambyl-oblysyndagy-qarakol-kolinin-suy-toldy-54211311.html
Соңғы 10 жылда алғаш рет: Жамбыл облысындағы Қаракөл көлінің суы толды
Соңғы 10 жылда алғаш рет: Жамбыл облысындағы Қаракөл көлінің суы толды
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар Сарысу және Талас аудандарындағы табиғи жайылымдарға да су барды 03.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-03T08:35+0500
2025-06-03T08:35+0500
2025-06-03T08:35+0500
өзен
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22352846_0:223:1080:831_1920x0_80_0_0_310cd8160a1c8a61d75f52c1893e4abc.jpg
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Соңғы 10 жылда алғаш рет Талас өзенінің төменгі ағысындағы Қаракөл көлі толды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.Ведомство хабарлауынша, бұл судың дұрыс әрі тиімді бөлінуінің арқасында болып отыр. Яғни, экологиялық мақсатта су жіберу нәтижесінде Жамбыл облысындағы Қаракөл көліне су толтырып, Сұлукөл көліне де су жеткізу мүмкін болды. Сонымен қатар Сарысу және Талас аудандарындағы табиғи жайылымдарға да су барды.Жергілікті экожүйені сақтау жұмыстары суару маусымы басталмай тұрып жүргізілді. Жамбыл облысындағы "Қазсушар" филиалының мамандары арнайы тексеріс жүргізіп, Талас өзені арқылы жіберілген судың Сарысу және Талас аудандарына жеткеніне көз жеткізді.Министрлік хабарлағандай, өз кезегінде жергілікті тұрғындар атқарылған жұмыс үшін жауапты ведомстволарға алғыс білдіріп жатыр.
https://sputnik.kz/20250602/bakhri-tochik-su-qoymasyn-paydalanu-turaly-ushzhaqty-kelisim-zhasaldy-54188932.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22352846_0:122:1080:932_1920x0_80_0_0_f399f81bffc2d8b8c99ae737262efdba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзен, министрлік
Соңғы 10 жылда алғаш рет: Жамбыл облысындағы Қаракөл көлінің суы толды
Сонымен қатар Сарысу және Талас аудандарындағы табиғи жайылымдарға да су барды
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Соңғы 10 жылда алғаш рет Талас өзенінің төменгі ағысындағы Қаракөл көлі толды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация
министрлігі.
Ведомство хабарлауынша, бұл судың дұрыс әрі тиімді бөлінуінің арқасында болып отыр. Яғни, экологиялық мақсатта су жіберу нәтижесінде Жамбыл облысындағы Қаракөл көліне су толтырып, Сұлукөл көліне де су жеткізу мүмкін болды. Сонымен қатар Сарысу және Талас аудандарындағы табиғи жайылымдарға да су барды.
Жергілікті экожүйені сақтау жұмыстары суару маусымы басталмай тұрып жүргізілді.
"Бастапқыда осы мақсатқа "Ойық" гидроторабы арқылы 120 млн текше метр су жіберу жоспарланған еді. Алайда сәуір айының ортасына қарай экологиялық мақсатта су жіберудің жалпы көлемі 315 млн текше метрге жетті", - деп жазылған хабарламада.
Жамбыл облысындағы "Қазсушар" филиалының мамандары арнайы тексеріс жүргізіп, Талас өзені арқылы жіберілген судың Сарысу және Талас аудандарына жеткеніне көз жеткізді.
Министрлік хабарлағандай, өз кезегінде жергілікті тұрғындар атқарылған жұмыс үшін жауапты ведомстволарға алғыс білдіріп жатыр.