https://sputnik.kz/20250602/bakhri-tochik-su-qoymasyn-paydalanu-turaly-ushzhaqty-kelisim-zhasaldy-54188932.html
Үш ел келісімге келді: Қазақстанға 491 млн текше метр су жіберіледі
Үш ел келісімге келді: Қазақстанға 491 млн текше метр су жіберіледі
Sputnik Қазақстан
Құжатта Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасында суды тиімді әрі теңдей бөлу қарастырылған 02.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-02T15:20+0500
2025-06-02T15:20+0500
2025-06-02T15:37+0500
өзбекстан
тәжікстан
келісім
https://sputnik.kz/img/07e9/06/02/54193288_0:228:473:494_1920x0_80_0_0_577a027727466dcd362677213fcc978b.jpg
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан "Бахри Точик" су қоймасын пайдалану туралы келісімге келді, деп хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігі.Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ Тәжікстан мен Өзбекстанның су ведомстволарының басшылары 2025 жылдың маусымынан тамызына дейін "Бахри Точик" су қоймасын бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды.Вегетациялық кезеңнің ең қызған уақытында Қазақстанға 491 млн текше метр су жіберіледі деп күтіліп отыр. Құжатта су қоймасының жұмыс кестесі көрсетілген. Ол үш ел арасындағы суды тиімді әрі теңдей бөлуге бағытталған. Министрлердің кездесуі мен хаттамаға қол қою рәсімі Душанбеде, мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық конференция аясында өтті.
https://sputnik.kz/20250129/zhyl-sonyna-deyin-su-resurstary-boyynsha-aqparattyq-zhuye-azirlenedi-50370557.html
өзбекстан
тәжікстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/02/54193288_0:183:473:538_1920x0_80_0_0_57b534f63ccc9a3282523f5fb2a757d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, тәжікстан, келісім
өзбекстан, тәжікстан, келісім
Үш ел келісімге келді: Қазақстанға 491 млн текше метр су жіберіледі
15:20 02.06.2025 (жаңартылды: 15:37 02.06.2025) Құжатта Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасында суды тиімді әрі теңдей бөлу қарастырылған
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан "Бахри Точик" су қоймасын пайдалану туралы келісімге келді, деп
хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ Тәжікстан мен Өзбекстанның су ведомстволарының басшылары 2025 жылдың маусымынан тамызына дейін "Бахри Точик" су қоймасын бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды.
"Біз үшін ең маңызды бағыттардың бірі – үш ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Қазақстан су ресурстарын басқару бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық су құқығы қағидаттарын ілгерілетуге ұмтылады. Су – жай ғана табиғи ресурс емес, ол – тұрақты даму мен өңірлік тұрақтылықтың құралы. Біз тек ынтымақтастық арқылы ғана климаттық сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра аламыз", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Вегетациялық кезеңнің ең қызған уақытында Қазақстанға 491 млн текше метр су жіберіледі деп күтіліп отыр. Құжатта су қоймасының жұмыс кестесі көрсетілген. Ол үш ел арасындағы суды тиімді әрі теңдей бөлуге бағытталған. Министрлердің кездесуі мен хаттамаға қол қою рәсімі Душанбеде, мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық конференция аясында өтті.