Жыл соңына дейін су ресурстары бойынша ақпараттық жүйе әзірленеді

© Пресс-служба акима Северо-Казахстанской областиСергеевское водохранилище в СКО
Сергеевское водохранилище в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2025
Жазылу
Ол су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға және болжам жасауға мүмкіндік береді
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл соңына дейін су ресурстары бойынша ақпараттық жүйе әзірлеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, бұл жүйеге Қазақстан аумағында 17 736 өзен мен 2 949 шағын көл, Каспий және Арал теңіздерінің шекарасы, 8 су шаруашылығы бассейні мен 77 су шаруашылығы учаскесі, 377 магистральды канал, 56 тоған, 297 су қоймасы және 548 бөгет цифрландырылып, енгізілетін болады.
Бұл жұмысқа министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымы – су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы да тартылып отыр. Орталық су шаруашылығы саласындағы барлық деректерді жинау және өңдеу, қысқа және ұзақ мерзімді болжам, модельдеу және басқа да жұмыстармен айналысады.
Әзірленіп жатқан ақпараттық жүйе су шаруашылығын басқаруды жаңғыртуға, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға және болжам жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың ағымдағы жай-күйіне мониторинг жүргізеді. Жүйенің негізгі міндеті – су ресурстарын пайдалану мен қорғауға байланысты шешімдер қабылдау кезінде ашықтықты, автоматтандыру және талдауды қамтамасыз ету.
"Жүйені енгізу су ресурстарын есепке алу және басқару үшін бірыңғай цифрлық платформа құруға, оларды пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ төтенше жағдайдың алдын алу үшін неғұрлым сапалы талдау мен болжам жасауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда суды есепке алу және су ресурстарының қазіргіжай-күйін жедел мониторинг жасау үшін модульдерді әзірлеу аяқталуда. Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін жүйені сынақтан өткізу және пайдаланушыларды оқыту жоспарланып отыра",- деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.
Премьер Олжас Бектенов в Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2025
Tasqyn жүйесі бойынша алғашқы су тасқыны болжамы қашан жарияланады
Жаңалықтар
0