Tasqyn жүйесі бойынша алғашқы су тасқыны болжамы қашан жарияланады

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Премьер Олжас Бектенов в Атырау
Премьер Олжас Бектенов в Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп су тасқынын болжауға және модельдеуге мүмкіндік беретін Tasqyn ақпараттық жүйесін әзірлеп жатыр.
Қазір жүйе жаһандық GloFAS су тасқыны туралы ескерту жүйесіне біріктірілді. Tasqyn жүйесі 135 өзен бойынша су тасқыны кезеңіне қатысты ұзақ мерзімді болжам алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.
Оның айтуынша, бірінші болжам шамамен ақпан айының басында, екіншісі наурыздың басында беріледі.
"Жинақталған мәліметтер су тасқынын болжау үшін де пайдаланылады. Сонымен қатар Tasqyn жүйесінде жұмыс істеу үшін су тасқынын болжау және модельдеу әдістемесі әзірленіп, бекітілді. Алгоритм келесідей: құзырлы органдар жүйеге су деңгейі, су жіберу көлемі және гидрометеоболжам бойынша мәліметтерді енгізеді", – деді ведомствоның ресми өкілі.
Жаңалықтар
0