Алматыда жеке мектеп ашып, қашып кеткен: Албанияда Қазақстан азаматы ұсталды

© AP Photo / J Pat CarterАрхивное фото наручников
Архивное фото наручников - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2025
Жазылу
Жалпы шығын 10,5 млн теңгені құрады
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Албания астанасы Тиранада ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша қамауға алынған.
"2023 жылы ер адам Алматы қаласында жеке мектеп ашып, жоғары оқу орындарына түсу үшін ақылы дайындық курстарын ұсыну арқылы 10 азаматты алдады", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы шығын 10,5 млн теңгені құрады.
ІІМ алаяқтар оқыту курстарын жарнамалауда төмен баға, эксклюзивті оқыту әдістері мен үздік оқытушылар құрамын ұсынатынын еске салды.
Алаяқтық курстардың негізгі белгілері:
лицензия мен ресми тіркеудің болмауы;
оқытушылар мен бағдарлама туралы ашық ақпарат жоқ;
келісімшартсыз толық төлемді талап ету;
тәуелсіз платформаларда ұсыным мен пікірлердің болмауы.
Егер алаяқтарға алданып қалған жағдайда дереу полицияға хабарласу керек.
Банковская карта, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2025
Шымкентте оқушыны 2 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
Жаңалықтар
0