https://sputnik.kz/20250602/ubt-kezinde-erezhe-buzgan-74-adamnyn-test-natizheleri-zhoyyldy--54196812.html
ҰБТ кезінде ереже бұзған 74 адамның тест нәтижелері жойылды
ҰБТ кезінде ереже бұзған 74 адамның тест нәтижелері жойылды
Sputnik Қазақстан
Екінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 66,8%-і шекті балл жинады 02.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-02T16:35+0500
2025-06-02T16:35+0500
2025-06-02T16:35+0500
ұбт
түлек
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0b/34755978_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_3ff508b7c1dd84c5d4a29d6694731be5.jpg
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. 2025 жылдың 16 мамырынан бері ҰБТ-дан 116 мыңға жуық тестілеу өткізілді.Екінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 66,8%-і шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64.Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда:Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 384 талапкер қатысты. "ҰБТ-ны өткізудің алғашқы апталарында 142 ереже бұзушылық анықталды. 68 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 74 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды", - делінген хабарламада.2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.Еске сала кетейік, тестілеуге қатысуға 216 мың талапкерден 399 мыңға жуық өтініш келіп түсті.
https://sputnik.kz/20250526/smartfon-shpargalka-alyp-kirmek-bolgan-26-talapker-ubt-dan-shettetildi-53892074.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0b/34755978_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_f7f294686faf4de7ec8008b9b38dee55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт, түлек
ҰБТ кезінде ереже бұзған 74 адамның тест нәтижелері жойылды
Екінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 66,8%-і шекті балл жинады
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. 2025 жылдың 16 мамырынан бері ҰБТ-дан 116 мыңға жуық тестілеу өткізілді.
Екінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 66,8%-і шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64.
Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда:
19%-і "Математика-Физика";
15%-і "Шығармашылық емтихан" пәндер комбинациясын;
14%-і "Биология-Химия" комбинациясын таңдаған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 384 талапкер қатысты.
"ҰБТ-ны өткізудің алғашқы апталарында 142 ереже бұзушылық анықталды. 68 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 74 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды", - делінген хабарламада.
2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Еске сала кетейік, тестілеуге қатысуға 216 мың талапкерден 399 мыңға жуық өтініш келіп түсті.