https://sputnik.kz/20250526/smartfon-shpargalka-alyp-kirmek-bolgan-26-talapker-ubt-dan-shettetildi-53892074.html
ҰБТ-ға смартфон мен шпаргалка алып кірмек болған 26 талапкер тестілеуден шеттетілді
ҰБТ-ға смартфон мен шпаргалка алып кірмек болған 26 талапкер тестілеуден шеттетілді
Sputnik Қазақстан
ҰБТ-ның бірінші аптасында 55 ереже бұзушылық анықталды 26.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-26T15:27+0500
2025-05-26T15:27+0500
2025-05-26T15:41+0500
ұбт
талапкерлер
https://sputnik.kz/img/07e9/05/10/53595078_0:282:1272:998_1920x0_80_0_0_c6e62f7fdf8179b471fe75d0da941369.jpg
АСТАНА, 26 мамыр– Sputnik. 16 мамырда басталған негізгі ҰБТ-дан бері 52 мыңнан астам тестілеу өткізілді, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 62%-і шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 61-ді құрады. Ең жоғары нәтиже 140 балды Түркістан облысының түлегі алды.Талапкерлердің тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар.Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 216 мың талапкерден 399 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда:2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
https://sputnik.kz/20250524/ubt-2025-zhii-qoyylatyn-suraqtardyn-zhauaby-53858928.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/10/53595078_0:163:1272:1117_1920x0_80_0_0_bb84f21d1f71fa8e4d7c50b9845c0bb0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт, талапкерлер
ҰБТ-ға смартфон мен шпаргалка алып кірмек болған 26 талапкер тестілеуден шеттетілді
15:27 26.05.2025 (жаңартылды: 15:41 26.05.2025) ҰБТ-ның бірінші аптасында 55 ереже бұзушылық анықталды
АСТАНА, 26 мамыр– Sputnik. 16 мамырда басталған негізгі ҰБТ-дан бері 52 мыңнан астам тестілеу өткізілді, деп хабарлады
ғылым және жоғары білім министрлігі. Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 62%-і шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 61-ді құрады. Ең жоғары нәтиже 140 балды Түркістан облысының түлегі алды.
"ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында 55 ереже бұзушылық анықталды. 26 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 29 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ", - дейді министрлік.
Талапкерлердің тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар.
Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 216 мың талапкерден 399 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда:
"Математика-Физика" - 20%-і;
"Шығармашылық емтихан" пәндер комбинациясын - 17%-і;
"Биология-Химия" комбинациясын - 11%-і таңдады.
2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.