https://sputnik.kz/20250602/turkistan-oblysynda-su-soratyn-24-zansyz-qondyrgy-anyqtaldy-54170973.html
Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз қондырғы анықталды
Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз қондырғы анықталды
Sputnik Қазақстан
Тексеру нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды 02.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-02T08:43+0500
2025-06-02T08:43+0500
2025-06-02T08:43+0500
түркістан облысы
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/02/19/51142543_17:0:1190:660_1920x0_80_0_0_d3a930a84be8be48ec47f33134ddde00.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі судың "көлеңкелі" нарығымен күрес жүргізіп жатыр.Тексеру барысында Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Түркістан облысы Шардара ауданының Жаушықұм суару алқабынан тіркелмеген 24 сорғы қондырғысын анықтады.Тексеру нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Сондай-ақ жергілікті әкімдікке анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді.Ведомство хабарлағандай, 2025 жылдың бірінші тоқсанында министрліктің бассейндік инспекциялары 20 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 26 заң бұзушылық анықталды, 10 ұйғарым шығарылып, 13,3 млн теңге сомасына 133 әкімшілік айыппұл салынды.
https://sputnik.kz/20250507/qaragandy-oblysyndagy-5-su-qoymasy-100-ga-toldy-53256449.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/19/51142543_163:0:1043:660_1920x0_80_0_0_432d614dd1e03d47c0b9152cbfd1e85e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, министрлік
түркістан облысы, министрлік
Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз қондырғы анықталды
Тексеру нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Су ресурстары және ирригация
министрлігі судың "көлеңкелі" нарығымен күрес жүргізіп жатыр.
Тексеру барысында Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Түркістан облысы Шардара ауданының Жаушықұм суару алқабынан тіркелмеген 24 сорғы қондырғысын анықтады.
"10 маусымнан бастап жаңа Су кодексі күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, бассейндік инспекциялар қадағалау және жедел әрекет ету шараларын қабылдау құқығына ие болады. Сонымен қатар Әкімшілік кодекске де өзгерістер енгізіліп, су заңнамасын бұзғандарға жазалау шаралары күшейтіледі", - деді ведомство басышысы Нұржан Нұржігітов.
Тексеру нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Сондай-ақ жергілікті әкімдікке анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді.
Ведомство хабарлағандай, 2025 жылдың бірінші тоқсанында министрліктің бассейндік инспекциялары 20 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 26 заң бұзушылық анықталды, 10 ұйғарым шығарылып, 13,3 млн теңге сомасына 133 әкімшілік айыппұл салынды.