https://sputnik.kz/20250602/resey-men-ukrainanyn-ystanbuldagy-ekinshi-kezdesui-ayaqtaldy--54205458.html
Ресей мен Украинаның Ыстанбұлдағы екінші кездесуі аяқталды
Ресей мен Украинаның Ыстанбұлдағы екінші кездесуі аяқталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 2 мамыр – Sputnik. Ыстанбұлда Ресей Федерациясы мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы РИА Новости... 02.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-02T19:20+0500
2025-06-02T19:20+0500
2025-06-02T19:20+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/11/53632956_0:210:2935:1861_1920x0_80_0_0_e6eab978c7a8470756b2652921b3d749.jpg
АЛМАТЫ, 2 мамыр – Sputnik. Ыстанбұлда Ресей Федерациясы мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы РИА Новости жазды.Келіссөз бір сағаттан астам уақытқа созылды.Дереккөздердің хабарлауынша, екі тарап нақты ешқандай келісімге келген жоқ. Олар тек тұтқын алмасу мәселесін талқылады, нәтижесі ресми түрде жарияланады.Ал Түркия сыртқы істер министрлігінің басшысы Хакан Фидан келіссөздің басында тараптар атысты тоқтату перспективаларын, өз ұстанымдарын, гуманитарлық мәселелерді, соның ішінде ұсталған адамдармен алмасуды және көшбасшылар деңгейіндегі ықтимал кездесуге дайындықты талқылайтынын айтты.Оның кіріспе сөзінен кейін кездесу жабық өтті.Ресей делегациясының құрамында президенттің көмекшісі Владимир Мединский, СІМ басшысының орынбасары Михаил Галузин, Ресей қарулы күштері Бас штабының бас барлау басқармасының бастығы Игорь Костюков және қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин болды.Украина делегациясын тағы да қорғаныс министрі Рүстем Умеров басқарды.Айта кетейік, үш жылда алғаш рет Мәскеу мен Киев өкілдері 16 мамырда Ыстанбұлда кездесті.Ол кезде тараптар 1000-ға 1000 форматында тұтқын алмасуға келісті. Нәтижесінде 23-25 мамыр аралығында тұтқын алмасылды.Украина келіссөздерде мемлекет басшыларының кездесуін сұрады. Ресей мұны назарға алды.
https://sputnik.kz/20250530/kellogg-ukraina-boyynsha-kelissozderge-kimderdin-qatysatynyn-aytty-54084859.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/11/53632956_127:0:2858:2048_1920x0_80_0_0_d6338a07037a8d7fa2535e1ed3c1937a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Ресей мен Украинаның Ыстанбұлдағы екінші кездесуі аяқталды
АЛМАТЫ, 2 мамыр – Sputnik. Ыстанбұлда Ресей Федерациясы мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы
РИА Новости жазды.
Келіссөз бір сағаттан астам уақытқа созылды.
Дереккөздердің хабарлауынша, екі тарап нақты ешқандай келісімге келген жоқ. Олар тек тұтқын алмасу мәселесін талқылады, нәтижесі ресми түрде жарияланады.
Ал Түркия сыртқы істер министрлігінің басшысы Хакан Фидан келіссөздің басында тараптар атысты тоқтату перспективаларын, өз ұстанымдарын, гуманитарлық мәселелерді, соның ішінде ұсталған адамдармен алмасуды және көшбасшылар деңгейіндегі ықтимал кездесуге дайындықты талқылайтынын айтты.
Оның кіріспе сөзінен кейін кездесу жабық өтті.
Ресей делегациясының құрамында президенттің көмекшісі Владимир Мединский, СІМ басшысының орынбасары Михаил Галузин, Ресей қарулы күштері Бас штабының бас барлау басқармасының бастығы Игорь Костюков және қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин болды.
Украина делегациясын тағы да қорғаныс министрі Рүстем Умеров басқарды.
Айта кетейік, үш жылда алғаш рет Мәскеу мен Киев өкілдері 16 мамырда Ыстанбұлда
кездесті.Ол кезде тараптар 1000-ға 1000 форматында тұтқын алмасуға келісті. Нәтижесінде 23-25 мамыр аралығында тұтқын алмасылды.
Украина келіссөздерде мемлекет басшыларының кездесуін сұрады. Ресей мұны назарға алды.