Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Келлогг Украина бойынша келіссөздерге кімдердің қатысатынын айтты

© БелТА / Медиабанкке өтуРоссийско-украинские переговоры в Беларуси
Российско-украинские переговоры в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог Франция, Германия және Ұлыбританияның қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері келесі аптада Ыстанбұлдағы Украина мәселесін реттеу бойынша келіссөздерге қатысатынын айтты.
"ЕО-үштігі деп аталып жүрген топ бізбен бірге болады. Атап айтсақ, Германия, Франция және Ұлыбританияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері барады. Олар Лондонда болғанымызда (Украина бойынша келіссөздер кезінде - ред.) Украинаға қатысты негізгі ережелерді қалыптастыруға көмектесті. Біз олардың пікірін тыңдаймыз", - деп мәлімдеді Келлогг ABC телеарнасына берген сұхбатында.
Ресей президенті Владимир Путин 10 мамырда ресейлік және шетелдік БАҚ-қа сұхбат беріп, Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда алдын ала шартсыз тікелей келіссөзді қайта бастауды ұсынған болатын. Ол бұл келіссөздер барысында атысты тоқтату және нақты бітімге келу туралы келісімге келуге болатынын жоққа шығармады. Келіссөздің 1-раунды өтті.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ұсыныс Путиннің жанжалды бейбіт жолмен шешуге деген ұмтылысын білдіретінін атап өтті. Песковтың айтуынша, Украинамен келіссөздің мақсаты – қақтығыстың түпкі себептерін жою және Ресейдің мүддесін қамтамасыз ету.
Жаңалықтар
0