https://sputnik.kz/20250602/astanada-zhazgy-lagerler-mausymy-bastaldy-54199873.html
Астанада жазғы лагерлер маусымы басталды
Астанада жазғы лагерлер маусымы басталды
Sputnik Қазақстан
Лагерьлер бірнеше бағытта жұмыс істейді 02.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-02T20:26+0500
2025-06-02T20:26+0500
2025-06-02T20:26+0500
демалыс
балалар
https://sputnik.kz/img/07e9/06/02/54200039_0:57:1079:664_1920x0_80_0_0_6e848373844f7f16edeb7208cb8bba24.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Астана қаласында оқушыларға арналған жазғы лагерлер өз жұмысын ресми түрде бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Білім беру ұйымдарының жанынан ұйымдастырылған лагерьлер бірнеше бағытта жұмыс істейді:Сонымен қатар, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне 4 мыңнан астам бала жіберіледі. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен қажетті қаражат бөлініп, балалардың демалысын ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған.Айта кету керек, 2025 жылғы 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Ақмола облысы, Ақкөл ауданында орналасқан "Барап" балалар спорттық-сауықтыру орталығы ашылды. Жобалық қуаттылығы – бір ауысымда 200 бала, жаз бойы жалпы 1 400 балаға қызмет көрсетеді.Сонымен қатар елорданың 13 қосымша білім беру ұйымының базасында тақырыптық күндізгі лагерьлер мен қолданбалы өнер, шет тілдері және жүзу бағыттары бойынша қысқа мерзімді үйірмелер ұйымдастырылады.
https://sputnik.kz/20250602/54173525.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/02/54200039_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_680195a502bcc4522996d499d1b609d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
демалыс, балалар
Астанада жазғы лагерлер маусымы басталды
Лагерьлер бірнеше бағытта жұмыс істейді
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Астана қаласында оқушыларға арналған жазғы лагерлер өз жұмысын ресми түрде бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Жазғы маусымда елордадағы 1-10 сынып аралығындағы 210 мыңнан астам оқушыны қамту көзделіп отыр. Олардың ішінде халықтың әлеуметтік осал санатындағы 11 мыңнан астам бала да жазғы демалыспен қамтамасыз етіледі", - деп жазылған хабарламада.
Білім беру ұйымдарының жанынан ұйымдастырылған лагерьлер бірнеше бағытта жұмыс істейді:
мектеп жанындағы лагерьлер – 92 мектеп базасында жұмыс істейді, оған 55 200 оқушы қатысады;
бейінді лагерьлер – түрлі бағыттағы 192 лагерьде 11 520 оқушы демалады;
тақырыптық жобалар – 10 жоба аясында 142 298 оқушы қамтылады;
қала сыртындағы лагерь – 1 лагерьде 1 400 бала жазғы демалысын өткізеді.
Сонымен қатар, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне 4 мыңнан астам бала жіберіледі. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен қажетті қаражат бөлініп, балалардың демалысын ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған.
Айта кету керек, 2025 жылғы 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Ақмола облысы, Ақкөл ауданында орналасқан "Барап" балалар спорттық-сауықтыру орталығы ашылды. Жобалық қуаттылығы – бір ауысымда 200 бала, жаз бойы жалпы 1 400 балаға қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар елорданың 13 қосымша білім беру ұйымының базасында тақырыптық күндізгі лагерьлер мен қолданбалы өнер, шет тілдері және жүзу бағыттары бойынша қысқа мерзімді үйірмелер ұйымдастырылады.