Өскеменде 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдер автобуста тегін жүре алады

© Sputnik / Абзал КалиевОткрытые двери автобуса на остановке
Открытые двери автобуса на остановке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта тиісті нормативтік құжат әзірленіп, келісу кезеңінен өтуде
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik.Енді Өскеменде де 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдер автобуста тегін жүре алады.
Қалада жаңа әлеуметтік бастама жүзеге асырылмақ. Мұндай ұсынысты қала әкімі Алмат Акышов көтерді. Бұл шара балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға бағытталған.
Қазіргі уақытта тиісті нормативтік құжат әзірленіп, келісу кезеңінен өтуде.
"Қалалық инфрақұрылым барлық санаттағы азаматтар үшін қолайлы әрі қолжетімді болуы тиіс. Өсіп келе жатқан ұрпақты қолдау — жұмысымыздағы басым бағыттардың бірі", — деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Акышов.
Тегін жүру мүмкіндігі баланың жасын растайтын құжатты көрсету арқылы қолжетімді болады деп жоспарлануда. Механизмнің нақты тәртібі кейінірек нақтыланады.

@sputnik_aitady
Астанадағы халықаралық мектеп - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2025
​Биылдан бастап жекеменшік мектептің оқушылары тегін тамақтанады
Жаңалықтар
0