https://sputnik.kz/20250602/20-zhyl-zhasyrynyp-kelgen-esirtki-saudasyna-kudikti-qazaqstandyq-reseyden-ekstraditsiyalandy-54172662.html
20 жыл жасырынып келген: есірткі саудасына күдікті қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
20 жыл жасырынып келген: есірткі саудасына күдікті қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда ол тергеу изоляторына қамалды 02.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-02T09:43+0500
2025-06-02T09:43+0500
2025-06-02T09:43+0500
ресей
экстрадицияланды
https://sputnik.kz/img/785/24/7852486_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_827a6cd72a71f2730a25c0930ca7f082.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Бас прокуратура қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.Оған қылмыстық қоғамдастыққа қатысу, аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы мен олардың контрабандасы бойынша айып тағылып отыр.2003 жылы Қызылорда және Қарағанды облыстарында жүргізілген арнайы операциялар барысында қылмыскерлердің бір бөлігі ұсталып, олардан 35 кг героин мен 28 кг опий алынған.Ұсталған адамдар кейін сотталған, ал күдікті құқық қорғау органдарынан қашып үлгеріп, оған халықаралық іздеу жарияланған.Бас прокуратура хабарлағандай, 20 жыл бойы іздеуде жүрген ол өткен жылдың желтоқсанында Ресейдің Самара облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.Қазіргі таңда ол тергеу изоляторына қамалды.Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20250530/reseyden-tagy-bir-kudikti-ekstraditsiyalandy-54113103.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/24/7852486_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_b09d68394500a6f12119e84492506b6f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, экстрадицияланды
20 жыл жасырынып келген: есірткі саудасына күдікті қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
Қазіргі таңда ол тергеу изоляторына қамалды
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Бас прокуратура қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан
экстрадициялады.
Оған қылмыстық қоғамдастыққа қатысу, аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы мен олардың контрабандасы бойынша айып тағылып отыр.
"Аталған тұлға 2003 жылы Өзбекстаннан Қазақстан арқылы Ресейге героин мен опий жеткізумен айналысқан қылмыстық қауымдастықтың құрамына кірген. Күдікті есірткіні тасымалдау, сақтау және қылмыстық қауымдастықтың басқа мүшелеріне өткізу қызметтерін атқарған", - деп жазылған хабарламада.
2003 жылы Қызылорда және Қарағанды облыстарында жүргізілген арнайы операциялар барысында қылмыскерлердің бір бөлігі ұсталып, олардан 35 кг героин мен 28 кг опий алынған.
Ұсталған адамдар кейін сотталған, ал күдікті құқық қорғау органдарынан қашып үлгеріп, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Бас прокуратура хабарлағандай, 20 жыл бойы іздеуде жүрген ол өткен жылдың желтоқсанында Ресейдің Самара облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі таңда ол тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.