Ресейден тағы бір күдікті экстрадицияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, зал суда
Наручники, зал суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Жазылу
Қазақстанның 6 азаматына жалпы сомасы 63 миллион теңгеден астам залал келген
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Ресейден аса ірі мөлшерде бірнеше мәрте алаяқтық жасады деген күдікті тағы бір азамат экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Ведомствоның мәліметінше, күдікті 2022–2023 жылдары Ақтау қаласында кәсіпкерлікке инвестиция саламын деп таныстарынан ірі көлемде ақша қаражатын алып, жоғары пайда уәде еткен. Алайда уәделерін орындамай, алынған қаражатты өз қажетіне жаратқан.

"Салдарынан Қазақстанның 6 азаматына жалпы сомасы 63 миллион теңгеден астам залал келген. Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған", - дейді Бас прокуратурадағылар.

Өткен жылдың қарашасында күдікті Екатеринбург қаласында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2025
"Бірнеше рет пышақтаған": Арменияға қашып кеткен күдікті экстрадицияланды
Жаңалықтар
0