Шегірткеге қарсы күрес: 844 мың гектар жерге дәрі себілді

© Photo : акимат Акмолинской областиМероприятия по борьбе с саранчой
Мероприятия по борьбе с саранчой  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2025
Жазылу
Үйірлі шегірткеге қарсы күрес шаралары еліміздің 15 өңірінде белсенді түрде жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 844 мың гектар алқапта шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2025 жылғы 31 мамырдағы жедел деректерге сәйкес, жалпы Қазақстан аумағында үйірлі шегіртке зиянкестерінің бар-жоғын анықтау мақсатында 5,6 млн гектар ауыл шаруашылығы жері зерттелді.
"Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын, онда 371 786 гектар жер өңделді, қазіргі уақытта аумақты толық тазарту жұмыстары жүргізілуде", - деп жазылған хабарламада.
Ал Жамбыл облысында марокко шегірткесіне қарсы шаралар толық аяқталды. Сонымен қатар италиялық прусқа қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 27 898 гектар аумақта жалғасуда.
Болжам бойынша, 2025 жылы Қазақстан аумағында үйірлі шегіртке зиянкестері 2,1 млн гектарға дейін жерді басып алуы мүмкін. Ең жоғары қауіп Қостанай, Ақтөбе, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында сақталып отыр.
Жалпы, 443 бірлік арнайы өңдеу техникасы жұмылдырылды, оның ішінде 55 жеңіл авиациялық ұшақ пен 49 дрон бар.
Жергілікті жерлерде жұмыстарды облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар үйлестіруде. Мониторинг пен күрес шараларына 4 625 маман тартылды.
Шегіртке - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2025
Түркістан облысында егінді шегіртке жайпап жатыр
Жаңалықтар
0