Құлсарыда жанармай құю бекетіндегі өрт: 6 адам үйінде емделеді
14:08 31.05.2025 (жаңартылды: 18:15 31.05.2025)

© Photo : акимат Атырауской области
Жазылу
Өрт салдарынан 16 адам зардап шекті. Оның екеуі көз жұмды
АСТАНА, 31 мамыр - Sputnik. Атырау облысының әкімдігі Құлсарыдағы жанар-жағармай құю бекетінде болған өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарлады.

Пострадавших при взрыве АЗС навестили представители акимата Атырауской области
© Photo : акимат Атырауской области
Өрт салдарынан 16 адам зардап шекті. 31 мамырдағы жағдай бойынша 5 азамат аудандық ауруханада жатыр. Алты адам амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді. Сонымен қатар үш науқас облыстық ауруханаға ауыстырылды.

Пострадавших при взрыве АЗС навестили представители акимата Атырауской области
© Photo : акимат Атырауской области
"Ауруханадағы медициналық көмек көрсетіліп жатқан пациенттердің жасы —25-75 аралығында. Олардың күйік шалу көрсеткіші 5-22 пайыз арасында. Пациенттердің жағдайы —тұрақты. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ",- деді Жылыой аудандық ауруханасының директоры Асулан Абдрахманов.

Пострадавших при взрыве АЗС навестили представители акимата Атырауской области
© Photo : акимат Атырауской области
30 мамыр күні Атырау қаласынан Құлсарыға 4 дәрігер жіберілді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің болжамынша, жарылыс газ таситын жүк көлігінен резервуарға автогаз құйылып жатқан уақытта болған. Салдарынан екі ғимарат жанып кеткен. Қызыл жалын 450 шаршы метр аумақты шарпыды.
"Қазіргі уақытта өрттің себебін анықтау мақсатында департаменттен үш, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен тағы үш маман оқиға болған жерде жұмыс істеуде", - деді Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Нариман Өтешов.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 81 адам, 17 техника жұмылдырылды. 21:47 -де өрт толығымен сөндірілді.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев және жергілікті атқарушы орган өкілдері өрт салдарынан қайтыс болған 2 азаматтың үйіне барып, туған-туыстарына көңіл айтты. Жылыой әкімдігі тарапынан аталған жанұяға қажетті көмек көрсетіледі.
Айта кетері, бұған дейін Құлсарыда жанармай құю бекетінде жарылыс болып, екі адам көз жұмғаны хабарланған еді.
