Құлсарыда жанармай құю бекетінде жарылыс болып, екі адам көз жұмды

© Photo : МЧС КазахстанаҚұтқарушылар
Құтқарушылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Жазылу
Сол маңдағы бір қабатты үш ғимарат, жанармай құю бекеті және екі қабатты ғимарат жанып кеткен
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Құлсарыда жанармай құю бекетінде жарылыс болып, екі адам мерт болды.
Атырау облысы әкімдігінің хабарлауынша, 30 мамырда жанармай құю бекетінде газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт болған.
"Сол маңдағы бір қабатты үш ғимарат, жанармай құю бекеті және екі қабатты ғимарат жанып кеткен. Құтқарушылар өртті сөндіріп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қауіпті аймақтан адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Алдын ала мәлімет бойынша, 14 адам зардап шекті, оның екеуі көз жұмған. Өрттің себебі анықталуда.
Бурабайда дәмхана өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Бурабайда дәмхана жанынан өрт шықты
Жаңалықтар
0