Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциясын күтіп отыр – Каллас

© AP Photo / Mindaugas KulbisПремьер-министр Эстонии Кая Каллас
Премьер-министр Эстонии Кая Каллас - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Еуропалық Одақ сенатор Линдси Грэм ұсынған АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа "қуатты" санкциясын күтіп отыр, деп мәлімдеді Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас Сингапурдегі "Шангри-Ла диалогы" қауіпсіздік форумында сөйлеген сөзінде. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Трансляция YouTube каналында көрсетілді.
"Біз Ресейге көбірек қысым көрсетуіміз керек, олар да бейбітшілікті қалайтындай жағдайға жету керек. Америкалық сенатор Грэмнің және басқалардың ұсынысы Ресейге қарсы өте қуатты санкцияны қарастырады. Әрине, біз АҚШ-тың Ресейге қатты қысым көрсетуін қалаймыз, күтеміз", - деді Каллас форумға қатысушының сұрағына жауап беріп.
Ол жаңа санкция қажет екенін, себебі Ресей бейбітшілікті қаламай отырғанын атап өтті.
"Біз санкцияның тиімділігін көріп, екінші реттік санкцияларды (Ресейге және Ресеймен ынтымақтасатын елдерге қарсы - ред.) қоса алғанда, санкцияның келесі пакетін әзірлеп жатырмыз. Біз Ресей экономикасының нақты жағдайы туралы ақпарат алып жатырмыз, қоймалар бос қалатын жағдайға жақындап қалдық", - деді ол.
Российско-украинские переговоры в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Келлогг Украина бойынша келіссөздерге кімдердің қатысатынын айтты
Жаңалықтар
0