Орталық Азия Шығыс пен Батыс арасындағы дәнекер - Тоқаев

Мемлекет басшысы бірінші "Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысты
Мемлекет басшысы бірінші Орталық Азия – Италия саммитіне қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Жазылу
Президент "Орталық Азия+" форматында мүмкіндіктерді жұмылдыру Италия мен аймақ елдерінің өзара тиімді ынтымақтастығын кеңейтуге ықпал ететінін айтты
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы "Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қазақстанға сапармен келгені және бүгінгі жоғары деңгейдегі кездесуге бастамашы болғаны үшін Италия министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониге ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Тоқаев жиынға қатысқан және өңірлік кооперацияға ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан Орталық Азиядағы бауырлас мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты.
"Орталық Азия ықылым заманнан бері Шығыс пен Батыс арасында дәнекер болып, өркениетаралық диалогты дамытуда маңызды қызмет атқарған. Бүгінде біздің өңір бұрын-соңды болмаған бірліктің үлгісін танытып, тату көршілік және баршаға ортақ прогресс қағидаттарын берік ұстанатынын көрсетуде. Әлемдік аренада жасампаз күн тәртібін ілгерілете отырып, Орталық Азия халықаралық қатынастың ықпалды субъектісі ретінде өз ұстанымын дәйекті түрде нығайтып келеді", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, отыз жылдан астам уақыт ішінде Италия өзін Орталық Азия елдерінің орнықты дамуына септігін тигізген сенімді серіктестердің бірі ретінде көрсетті.
Президент "Орталық Азия+" форматында мүмкіндіктерді жұмылдыру Италия мен аймақ елдерінің өзара тиімді ынтымақтастығын кеңейтуге ықпал ететінін айтты.
Токаев встретил в Акорде премьера Италии Мелони - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
"Проблема болса, маған айтыңыз": Тоқаев Италия премьерімен келісім жасады
Жаңалықтар
0