Құлсарыдағы жарылыс: облыс әкімі жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді

© Photo : Пресс-служба акима Атырауской области Құлсарыдағы жарылыс
Құлсарыдағы жарылыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Жазылу
Құлсарыдағы "Ниет" жанармай құю бекетінде болған жарылыс пен өрттен зардап шеккендердің барлығы күйікпен аудандық ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсарыдағы жарылысқа қатысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді.
Серік Шәпкенов Құлсары қаласындағы "Ниет" жанармай құю бекетіндегі жарылыс пен өрттен зардап шеккендердің барлығы күйік шалып, аудандық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Күйік орталығының мамандарын ауруханаға жіберуді тапсырды.
Аймақ басшысы құтқарушыларға оқиға орнында іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз етуді, зардаптарды барынша азайту шараларын қабылдауды, өрт аймағында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген 14 адамның өміріне қауіп жоқ.
"Бастапқы медициналық тексеру мен тиісті диагностикадан соң 10 науқас ауруханаға жатқызылды. Төрт адам амбулаториялық бақылауда. Қазіргі жағдайда ауыр реанимациялық науқас жоқ. Ауруханаға жатқызылған 7 науқастың жағдайы — орташа ауыр, 3 пациенттікі — тұрақты", - депжазылған хабарламада.
Құтқарушылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Құлсарыда жанармай құю бекетінде жарылыс болып, екі адам көз жұмды
Жаңалықтар
0