https://sputnik.kz/20250530/politsiya-qulsarydagy-zharylys-boyynsha-qylmystyq-is-qozgady-54130297.html
Полиция Құлсарыдағы жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғады
Полиция Құлсарыдағы жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғады
Sputnik Қазақстан
Көлік қозғалысына бақылау енгізіліп, кезекшілік ұйымдастырылды 30.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-30T22:27+0500
2025-05-30T22:27+0500
2025-05-30T22:27+0500
өрт
полиция
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_0:34:650:400_1920x0_80_0_0_b77b57b1533bdbf5914baf1729ccb10c.jpg
АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. Құлсарыдағы жанармай құю бекетінде болған жарылысқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.Оқиға орнында тергеушілер жүр, аудандық полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын үйлестіруде, деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментіндегілер.Көлік қозғалысына бақылау енгізіліп, кезекшілік ұйымдастырылды.Еске салайық, 30 мамырда жанармай құю бекетінде газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт болған. Сол маңдағы бір қабатты үш ғимарат, жанармай құю бекеті және екі қабатты ғимарат жанып кеткен.Өртті сөндіруге 60 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментіндегілер.Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген 14 адамның өміріне қауіп жоқ. Бастапқы медициналық тексеру мен тиісті диагностикадан соң 10 науқас ауруханаға жатқызылды. Төрт адам амбулаториялық бақылауда.
https://sputnik.kz/20250530/qulsarydagy-zharylys-oblys-akimi-zhedel-shtabtyn-shugyl-otyrysyn-otkizdi-54128516.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_63:0:596:400_1920x0_80_0_0_c8242c6b8f24fd8b42ce81cac8c4c5c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт, полиция
Полиция Құлсарыдағы жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғады
Көлік қозғалысына бақылау енгізіліп, кезекшілік ұйымдастырылды
АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. Құлсарыдағы жанармай құю бекетінде болған жарылысқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Оқиға орнында тергеушілер жүр, аудандық полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын үйлестіруде, деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментіндегілер.
Көлік қозғалысына бақылау енгізіліп, кезекшілік ұйымдастырылды.
Еске салайық, 30 мамырда жанармай құю бекетінде газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт болған. Сол маңдағы бір қабатты үш ғимарат, жанармай құю бекеті және екі қабатты ғимарат жанып кеткен.
Өртті сөндіруге 60 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген 14 адамның өміріне қауіп жоқ. Бастапқы медициналық тексеру мен тиісті диагностикадан соң 10 науқас ауруханаға жатқызылды. Төрт адам амбулаториялық бақылауда.