Орталық Азия елдері мен Италия мәдениет саласында бірлескен іс-шаралар өткізеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы "Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Орталық Азия – Италия саммитіне қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта Италияда төрт мыңға жуық қазақстандық студент білім алады
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы "Орталық Азия – Италия" саммитінде білім беру мен мәдениет салаларындағы ықпалдастық жайында сөз қозғады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы айтқандай, қазіргі уақытта Италияда төрт мыңға жуық қазақстандық студент білім алады.
"Біз жастарымыздың үздік университеттерде оқуына мүмкіндік жасағаны және грант пен шәкіртақы ұсынғаны үшін Италия Үкіметіне алғыс айтамыз. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Италияның техникалық жоғары оқу орындарын Қазақстанда филиалдарын ашуға шақырамын. Біз қазір инженерлік-техникалық білімге ерекше мән береміз", – деді мемлекет басшысы.
Президент мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мақсатында 2026 жылы "Орталық Азия мен Италияның мәдениет жылы" тақырыбы аясында бірлескен іс-шаралар легін өткізуді ұсынды.
Сонымен қатар, бірінші "Орталық Азия – Италия" саммитінде Италия премьер-министрі Джорджа Мелони, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.
Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Италия Республикасы министрлер кеңесі төрағасының "Орталық Азия + Италия" бірінші саммитінің қорытындысы бойынша бірлескен декларация қабылданды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Орталық Азия – Италия саммитіне қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Алматыда Италия сауда үйін ашу ұсынылды
Жаңалықтар
0