Алматыда Италия сауда үйін ашу ұсынылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы "Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Орталық Азия – Италия саммитіне қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Жазылу
Былтыр Қазақстаннан Италия нарығына жеткен мұнай көлемі 30 миллион тоннадан асты
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Италия" саммитінде сөйлеген сөзінде Алматыда Италия сауда үйін ашуды ұсынды, деп хабарлады Ақорда.
Президент Италиямен ықпалдастықтың перспективті бағыттарына қатысты ойымен бөлісті. Ол әлемнің негізгі экономикалық полюстері арасындағы тарифтік қақтығыс жағдайында сауда-экономикалық байланыстарды сақтап қалумен бірге, оны нығайтуға күш салу өте маңызды екенін айтты.
"Біздің ойымызша, бірлескен жобаларды іске қосуға, ең алдымен, қосылған құны жоғары өнім шығару есебінен тауарлардың түрін көбейтуге баса мән беруге болады. Мәселен, Қазақстан Италияға жалпы құны 1 миллиард долларға жуықтайтын тауардың 100-ден аса түрі бойынша экспорт көлемін арттыруға дайын. Бұл ретте металлургия, машина жасау, мұнай-химия өнеркәсібі және басқа да өнімдер туралы сөз болып отыр", – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев Орталық Азия елдері Еуропаға өздерінің агроөнеркәсіп өнімдерін жеткізуде мол әлеуетке ие деп санайтынын айтты. Бұдан бөлек, сауда үйлері мен логистикалық орталықтардың ашылуы елдер арасындағы сауда-саттыққа тың серпін береді. Осы орайда, Қазақстан президенті Алматыда Италия сауда үйін ашуды ұсынды.
Сонымен қатар Тоқаев Қазақстан-Италия серіктестігінің локомотиві саналатын энергетика саласындағы ынтымақтастықты тағы бір өзекті міндет ретінде атады.
"Еліміз Еуропа Одағына мұнай экспорттаушы мемлекеттердің алғашқы үштігіне кіреді. Былтыр Қазақстаннан Италия нарығына жеткен мұнай көлемі 30 миллион тоннадан асты. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 27 пайызға артық. Қажет болған жағдайда оның көлемін арттыруға дайынбыз", – деді президент.

@sputnik_aitady
Мемлекет басшысы бірінші Орталық Азия – Италия саммитіне қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Орталық Азия Шығыс пен Батыс арасындағы дәнекер - Тоқаев
Жаңалықтар
0