Төрт балаға дейін қабылдай алады: отбасыға орналасудың жаңа түрі енгізіледі ​

© Sputnik/Ертай Сарбасов"Кәсіби қабылдаушы отбасы" - елімізде баланы отбасыға орналасудың жаңа түрі енгізіледі ​
Кәсіби қабылдаушы отбасы - елімізде баланы отбасыға орналасудың жаңа түрі енгізіледі   ​ - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Жазылу
Баланың мұндай отбасында болу мерзімі ең көп дегенде алты айды құрайды
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. 1 шілдеден бастап елімізде баланы отбасыға орналасудың жаңа түрі - кәсіби қабылдаушы отбасы енгізіледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Уақытша шара балаларға қауіпсіз әрі жайлы үй жағдайын жасауға бағытталған.

"Қабылдаушы кәсіби отбасылар бір уақытта төрт балаға дейін қабылдай алады. Әрбір балаға жеке көңіл бөлініп, қамқорлық көрсетіледі. Баланың мұндай отбасында болу мерзімі ең көп дегенде алты айды құрайды", - делінген хабарламада.

Қабылдаушы кәсіби отбасыларға тек төрт санаттағы балалар ғана орналастырылады: ​​
жетім балалар;
​ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
​панасыз және қараусыз қалған балалар;
​зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар.
​Қабылдаушы кәсіби отбасы болуға үміткерлер міндетті түрде жетім балаларға арналған арнайы ұйымдар мен балаларды отбасына орналастыруға көмектесетін аккредиттелген мекемелерде психологиялық дайындықтан өтеді.
"Кандидаттарды тағайындау туралы шешімді қамқоршылық органдары қабылдайды. Бұл шешім ұсынылған құжаттардың толықтығы мен заң талаптарына сәйкес қабылданады.​Қабылдаушы кәсіби тәрбиешіге әр бала үшін ай сайын жәрдемақы және көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем қарастырылған", - дейді министрлік.
Балалар анықталған бойда интернат мекемелеріне емес, бірден отбасыларға жіберіледі.
Айта кетейік, елімізде балаларды орналастырудың төрт түрі бар: асырап алу, қамқоршылық, патронат және қабылдаушы отбасы.
Мужчина держит на руках ребенка - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2024
Енді үйленбеген ер адамдар да бала асырап ала алады
Жаңалықтар
0