Криптовалютаға азық-түлік сатып алуға болатын жоба жүзеге асырылады

© Photo : АкордаТокаев на Международном форуме Астана
Токаев на Международном форуме Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Жазылу
Пилоттық жоба "СryptoCity" деп аталады
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалютаны төлем ретінде пайдалануға арналған жобаның қолға алынатынын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алдағы уақытта "СryptoCity" деп аталатын жаңа пилоттық жоба жүзеге асырылады.
"Мұнда криптовалютаны азық-түлік сатып алуға, қызмет төлеміне және басқа да мақсаттарда пайдалануға жағдай жасалады", - деді Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында.
Президенттің айтуынша, аймақтар арасындағы алшақтықты азайту және орта тапты нығайту мақсатында цифрлық технология мен жасанды интеллектіден бастап жасыл энергетика мен қосымша құны жоғары өндіріске дейінгі негізгі секторларға басымдық беріледі.
"Біз цифрлық трансформацияда елеулі табысқа қол жеткіздік. Мақсатымыз – Еуразиядағы жетекші IT хабқа айналу. Әсіресе, жасанды интеллектіні дамытуға айрықша мән беріп отырмыз. Бірқатар шетелдік университеттің филиалы бар, зерттеу мен әзірлеу саласындағы серіктестік жолға қойылған академиялық және инновациялық хабқа айналғымыз келеді", - деді мемлекет басшысы.
Осы орайда Тоқаев Қазақстанға жеткізілген ең қуатты суперкомпьютерді іске қосу жұмыстарын басталғанын да жеткізді.
Айта кетері, бір апта бұрын Қазақстанға Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер жеткізілген болатын.
Астана халықаралық форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Тоқаев ядролық қаруды пайдалану қаупі туралы: оның қасіретін біз жақсы білеміз
Жаңалықтар
0