Қырғызстан президенті 30 мамырда Астанаға келеді

© Photo : Sputnik КыргызстанҚырғызстан президенті 30 мамырда Астанаға келеді
Қырғызстан президенті 30 мамырда Астанаға келеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Жазылу
Садыр Жапаров "Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысады
АСТАНА, 29 мамыр– Sputnik. Қырғызстан президенті 30 мамырда Астанаға келеді. Садыр Жапаров «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысады, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

"Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 30 мамырда Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен "Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысу үшін Астана қаласына жұмыс сапарымен барады", - деді әкімшіліктің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Сағынбек Әбдімүтәліп.

Саммиттің тақырыбы "Ортақ көкжиектер. Жаһандық тұрақтылық бойынша Орталық Азия мен Италия арасындағы диалог".
"Саммит жұмысына Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ Италия министрлер кеңесінің төрағасы Джорджи Мелони қатысады деп жоспарлануда", - деп атап өтті Сағынбек Әбдімүтәліп.
Саммит Орталық Азия мен Италия арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасуға бағытталған.

@sputnik_aitady
Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік рәміздері - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
Қазақстан мен Қырғызстан қарым-қатынасы күшейеді - заң қабылданды
Жаңалықтар
0