Биыл 200-ден астам жаңа жолаушылар вагоны сатып алынады

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Туристы отправились в путешествие на поездах "Jibek Joly" и "Keruen Express"
Туристы отправились в путешествие на поездах Jibek Joly и Keruen Express - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Жазылу
2024 жылы 143 вагон сатып алынды
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Биыл 200-ден астам жаңа жолаушылар вагондарын сатып алу жоспарланып отыр, деп мәлімдеді теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов.
Оның айтуынша, жолаушылар вагондары паркі 2,6 мың бірлікті құрайды.
Айта кету керек, 2024 жылы 143 вагон сатып алынды. Соңғы 5 жылда тозу деңгейі 59%-дан 42%-ға дейін төмендеді.
"Биыл сатып алу көлемі 226 бірлікке дейін ұлғайтылады. Вагондар негізінен отандық ЗИКСТО және Stadler зауыттарынан сатып алынады. Stadler компаниясының алғашқы 51 вагоны осы жылдың желтоқсанында жеткізіледі. Бұл вагондар Астана – Алматы және Астана – Семей бағыттарында пайдалануға беріледі", - деді Тайжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Жалпы, 2026–2030 жылдар аралығында 873 вагон сатып алынады, бұл бар вагондардың 90%-ын жаңартуға мүмкіндік береді. Барлық вагондар ауа баптау жүйесімен жабдықталады.
Елордадағы зауыт Жолаушылар тасымалы АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Елордадағы зауыт "Жолаушылар тасымалы" АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды
Жаңалықтар
0