Жөнделіп жатқан жолдарға ақы алынбайды – министрлік

© PhotoРемонт дорог
Ремонт дорог - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Өзгеріс биылғы маусым айынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Ақауы бар ақылы жолға көлік жүргізушілері ақы төлемейді. Бұл норма төлем алу қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасында қарастырылды, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Егер ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.
"Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді", - дейді ведомство.
Бұл өзгеріс биылғы маусым айынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.
Қазақстан трассаларында жол апаты азайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2025
Қала сыртындағы жолдарда жол апатының саны азайды
Жаңалықтар
0