Қала сыртындағы жолдарда жол апатының саны азайды

© Photo : Ішкі істер министрлігіҚазақстан трассаларында жол апаты азайды
Қазақстан трассаларында жол апаты азайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2025
Жазылу
2025 жылдың басынан бері бұл жолдарда жол-көлік оқиғаларының саны 8%-ке азайды
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстанның қала сыртындағы трассаларында апаттылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жылдың басынан бері бұл жолдарда жол-көлік оқиғаларының саны 8%-ке азайды. Сонымен бірге жол апаттарында зардап шеккендердің де саны төмендеген.
"Бұған ішкі істер министрлігінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары ықпал етті. Негізгі шаралардың бірі жолдардың қауіпті учаскелерінде жүріс бөлігін уақытша тарылту тәсілі болды. Жолдың мұндай бөліктерінде автокөлік жүргізушілері инстинктивті түрде жылдамдықты азайтады", - делінген хабарламада.
Аталған әдіс бірқатар шет елде өзінің тиімділігін көрсетіп, бүгінде Қазақстанда сәтті қолданылып жатыр.
"Жолды тарылту тәсілі Астана – Қарағанды, Астана – Павлодар, Алматы – Бішкек, Самара – Шымкент, Ақтөбе – Астрахан сияқты және басқа бағыттарды қоса алғанда республикалық трассалардың 26 учаскесінде жүзеге асырылуда. Онда патрульдік экипаждар жұмыс істейді", - дейді полиция.
Полицейлер жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, жолда мұқият болуға шақырады.
Алматы көшесіндегі көліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2025
Жол ережесіне енгізілген өзгерістер күшіне енді – айыппұлдың көлемі артты
Жаңалықтар
0