Жол ережесіне енгізілген өзгерістер күшіне енді – айыппұлдың көлемі артты

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы көшесіндегі көліктер
Алматы көшесіндегі көліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2025
Жазылу
Көліктен басын шығаратын адамдарға бірден 39 мың теңге көлемінде айыппұл салынады
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жол ережесі бойынша кейбір заң бұзушылықтар үшін жазаның күшейтілгенін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұдан былай жолдың қарсы бетіне шығып кеткен көлік жүргізушілері 6 айға куәлігінен айырылады. Ал ондай әрекет жол апатына себеп болса, айыппұл салынады, я болмаса, 9 айға көлік жүргізу құқығынан айыру үкімі шығарылады.
Ал көліктен басын шығаратын адамдарға бірден 39 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.
"Әсіресе, жастар бастарын терезеден немесе көліктің үстіңгі жағынан шығарып жүреді. Мектеп бітіреу кештері мен үйлену тойлары кезінде көптеген кісілер өздерінің қауіпсіздігіне мән бермей, осындай әрекеттер жасап отырады. Енді, қозғалыс кезінде автомобиль кабинасынан басынан шығарғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткішпен (39 920 теңге) айыппұл салынады. Бұл ретте жауапкершілік жолаушыға да, жүргізушіге де тең дәрежеде әсер ететін болады",- деді Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметіне болған брифингте.
Бұдан бөлек, жылдамдықты асырғаны үшін айыппұлдың көлемі артты. Арнайы және шұғыл қызметтерге жол бермеген көлік жүргізушілердің жауапкершілігі де күшейтілді. Енді, олар бұрынғыдай 7 АЕК емес, 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Ал осы заң бұзушылық қайталанса, айыппұлдың көлемі екі есеге өседі.
Жаңалықтар
0