https://sputnik.kz/20250528/zhambyl-oblysynda-qolonershiler-uyi-kreativti-khab-ashyldy--54015670.html
Жамбыл облысында 200-ге жуық шебердің басын қосқан қолөнершілер үйі ашылды
Жамбыл облысында 200-ге жуық шебердің басын қосқан қолөнершілер үйі ашылды
Sputnik Қазақстан
Тараздағы "Қолөнершілер үйі" — елімізде ашылған 15-ші хаб 28.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-28T18:36+0500
2025-05-28T18:36+0500
2025-05-28T18:40+0500
жамбыл облысы
тараз
қолөнер шебері
қолөнер бұйымдары
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1c/54015992_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_1774868797c2b34d8cdceabb93bebde4.jpg
АСТАНА, 28 мамыр– Sputnik. Тараз қаласында "қолөнершілер үйі" атты жаңа креативті хаб ашылды, деп хабарлайды облыстық әкімдік. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев креативті индустрияның Қазақстан экономикасы дамуының маңызды бағыттарының біріне айналатынына сенім білдірді және барлық өңірде осындай арнайы хабтар ашуды тапсырған болатын. Бүгінде креативті хаб өңірдегі 190 қолөнерші мен креативтік нарықтың өзге де өкілдерін біріктіріп отыр. Мұнда олардың шеберлігін дамытуға, табыс табуға және өзара байланыс орнатуға барлық жағдай жасалған. Айта кетері, 2022 жылы Тараз қаласы ЮНЕСКО-ның "Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы" тізіміне енген алғашқы қазақстандық қала болды. Қазір қала ЮНЕСКО-ның "Креативті қалалар" тізіміне қосылуға дайындық жүргізіп жатыр. Еске салайық, биыл креативті индустрияны қолдау және дамыту туралы Заң қабылданды. Сондай-ақ жаңа бюджет кодексіне сәйкес, ұлттық лотерея операторы табысының 3%-і тоқсан сайын креативті индустрияларды дамытуға қолдау көрсету корпоративтік қорына бөлінетін болады. Бұл қор 2025 жылғы шілде айында жұмысын бастайды.
https://sputnik.kz/20250322/astanada-1-sagatta-500-taqiya-tikken-qolonershiler-rekord-ornatty-51863068.html
жамбыл облысы
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1c/54015992_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_9493a439559293918b9758b97966df6a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, тараз, қолөнер шебері, қолөнер бұйымдары
жамбыл облысы, тараз, қолөнер шебері, қолөнер бұйымдары
Жамбыл облысында 200-ге жуық шебердің басын қосқан қолөнершілер үйі ашылды
18:36 28.05.2025 (жаңартылды: 18:40 28.05.2025) Тараздағы "Қолөнершілер үйі" — елімізде ашылған 15-ші хаб
АСТАНА, 28 мамыр– Sputnik. Тараз қаласында "қолөнершілер үйі" атты жаңа креативті хаб ашылды, деп
хабарлайды облыстық әкімдік.
Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев креативті индустрияның Қазақстан экономикасы дамуының маңызды бағыттарының біріне айналатынына сенім білдірді және барлық өңірде осындай арнайы хабтар ашуды тапсырған болатын.
"Тараздағы "Қолөнершілер үйі" — елімізде ашылған 15-ші хаб. Бұл шара Жамбыл облысында креативті индустрияның дамуына жаңа серпін берері сөзсіз. Орталық — жергілікті креативті жандардың білімін шыңдап, тәжірибе алмасып, шығармашылық әлеуетін ашатын алаң ғана емес, сонымен қатар бұл хаб шығармашыл жандарға арналған біртұтас қолдау жүйесінің бір бөлігі болады", - делінген хабарламада.
Бүгінде креативті хаб өңірдегі 190 қолөнерші мен креативтік нарықтың өзге де өкілдерін біріктіріп отыр. Мұнда олардың шеберлігін дамытуға, табыс табуға және өзара байланыс орнатуға барлық жағдай жасалған.
Айта кетері, 2022 жылы Тараз қаласы ЮНЕСКО-ның "Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы" тізіміне енген алғашқы қазақстандық қала болды. Қазір қала ЮНЕСКО-ның "Креативті қалалар" тізіміне қосылуға дайындық жүргізіп жатыр.
Еске салайық, биыл креативті индустрияны қолдау және дамыту туралы Заң қабылданды. Сондай-ақ жаңа бюджет кодексіне сәйкес, ұлттық лотерея операторы табысының 3%-і тоқсан сайын креативті индустрияларды дамытуға қолдау көрсету корпоративтік қорына бөлінетін болады. Бұл қор 2025 жылғы шілде айында жұмысын бастайды.