Астанада 1 сағатта 500 тақия тіккен қолөнершілер рекорд орнатты

© 24kzАстанада 1 сағатта 500 тақия тіккен қолөнершілер рекорд орнатты
Астанада 1 сағатта 500 тақия тіккен қолөнершілер рекорд орнатты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Жазылу
Ал ең жас қатысушы небәрі 9 жаста болды
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Қазақстандық шеберлер 500 тақияны небәрі бір сағат ішінде тігіп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан 24kz арнасына сілтеме жасап.
100 ісмер қатысқан бұл шараға еліміздің әр өңірінен келген шеберлер қатысты. Ал ең жас қатысушы небәрі 9 жаста болды.
Бұл – тігін саласындағы алғашқы рекорд емес. Өткен жылдың қыркүйек айында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 450 қолөнер шебері 11 мың шаршы метрден асатын құрақ көрпе тігіп, әлемдік рекорд орнатқан болатын.
Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуаныш Құдайбергенов бұл жетістіктің ерекше құнды екенін атап өтті.
"500 тақия тігу – үлкен көрсеткіш. Бірақ басты қиындық – уақыттың шектеулі болуы. Қолөнершілер тек жылдамдықты ғана емес, тігіннің барлық техникалық талаптарын да сақтауы керек болды", – деді ол.
Рекорд орнату шарасы елордадағы "Конгресс-орталықта" өтті.
Астанадағы Наурыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2025
Астанада Наурызды қалай тойлап жатыр
Жаңалықтар
0