https://sputnik.kz/20250321/astanada-nauryzdy-qalay-toylap-zhatyr-51852292.html
Астанада Наурызды қалай тойлап жатыр
Астанада Наурызды қалай тойлап жатыр
Sputnik Қазақстан
22 наурызда мерекелік шаралар жалғасады 21.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-21T17:49+0500
2025-03-21T17:49+0500
2025-03-21T17:49+0500
наурыз мейрамы
астана
https://sputnik.kz/img/07e9/03/15/51844036_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_af8bdfe57e03ef5e18810144bc0d38d1.jpg.webp
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Бүгін Астананың барлық ауданында Наурызға арналған ауқымды мерекелік шаралар басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Expo" көрме орталығында этноауыл ашылды. Оған отандық қолөнершілермен қатар Қытай, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Иран мен Тәжікстан шеберлері де келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы этноауылдан барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Көрме орталығының дәл жанында EXPO алаңы орналасқан. Бүгін ол жерде үлкен сахна мен киіз үйлер тігілді. Ал саудагерлер үшін арнайы шатырлар қойылды.Бұдан бөлек, "Қазақ елі" және "Бәйтерек" монументтері алаңдарында, "Астана Арена" стадионы аумағында таңертеңнен бастап мерекелік шаралар басталды. Қолөнер жәрмеңкелері ашылып, дәстүрлі тағамдар дайындалып жатыр.Бүгін Наурыз мейрамының негізгі күндері басталды. Елорданың 6 ауданында 30-дан астам орында қазақша күрес, қой көтеру, арқан тарту, асық ату, қол күрес, кір көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Жарыс жеңімпаздарына сыйлықтар табысталады. Мерекелік шаралар өтетін орындарды мына жерден көруге болады.Ал кешке қарай қазақстандық эстрада жұлдыздары мен қалалық оркестрлер өнер көрсетеді. Олардың қатарында Қанат Үмбетов, Абай Бегей, Әлішер Кәрімов, Айдар Байділдин, "Алтын" триосы, "Арт домбыра" тобы, Мәди Қадыров, Ғалымжан Жолдасбай, Нұркен Якияев, Меломен, Жақсыкелді Маясаров, "Қазақия" дуэті, Әйгерім Мамырова, Кеңес Әлімжан, Ғаділбек Жанай, Маржан Арапбаева, Нұрлан мен Мұрат, Асхат Тарғын, Айгүл Иманбаева, "Алтын" этно ансамблі, ДиАрт, Бәйтерек топтары, Ернар Жұматаев және тағы басқа танымал әншілер бар.22 наурызда мерекелік шаралар жалғасады. Мәселен, "Хан Шатыр" сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан "Ғашықтар" саябағында Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан елшілігі ұлттық стильде киіз үйлерін тігіп, астаналықтарды өз мәдениетіндегі Наурыз мерекесін тойлаудың ерекшелігімен таныстырады. Ал "Жағалау" шағын ауданында сағат 12:00-де отбасылық байқаулар, концерттік бағдарлама және ойын-сауықпен бірге ауқымды гастрономиялық фестиваль басталады.Айта кетері, 14 наурыздан бері Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі өтіп жатыр. Осы 10 күн ішінде Астанада 200-ден астам мерекелік шара өтеді.
https://sputnik.kz/20250321/toqaev-ulystyn-uly-kuni--ultymyzdyn-ulyq-meyramy-51826225.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/15/51844036_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_39c078983b33a61a3cac57cabfab1085.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз мейрамы, астана
Астанада Наурызды қалай тойлап жатыр
22 наурызда мерекелік шаралар жалғасады
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Бүгін Астананың барлық ауданында Наурызға арналған ауқымды мерекелік шаралар басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
"Expo" көрме орталығында этноауыл ашылды. Оған отандық қолөнершілермен қатар Қытай, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Иран мен Тәжікстан шеберлері де келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы этноауылдан барша қазақстандықтарды
Наурыз мерекесімен құттықтады.
Көрме орталығының дәл жанында EXPO алаңы орналасқан. Бүгін ол жерде үлкен сахна мен киіз үйлер тігілді. Ал саудагерлер үшін арнайы шатырлар қойылды.
Бұдан бөлек, "Қазақ елі" және "Бәйтерек" монументтері алаңдарында, "Астана Арена" стадионы аумағында таңертеңнен бастап мерекелік шаралар басталды. Қолөнер жәрмеңкелері ашылып, дәстүрлі тағамдар дайындалып жатыр.
Бүгін Наурыз мейрамының негізгі күндері басталды. Елорданың 6 ауданында 30-дан астам орында қазақша күрес, қой көтеру, арқан тарту, асық ату, қол күрес, кір көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Жарыс жеңімпаздарына сыйлықтар табысталады. Мерекелік шаралар өтетін орындарды мына
жерден көруге болады.
Ал кешке қарай қазақстандық эстрада жұлдыздары мен қалалық оркестрлер өнер көрсетеді. Олардың қатарында Қанат Үмбетов, Абай Бегей, Әлішер Кәрімов, Айдар Байділдин, "Алтын" триосы, "Арт домбыра" тобы, Мәди Қадыров, Ғалымжан Жолдасбай, Нұркен Якияев, Меломен, Жақсыкелді Маясаров, "Қазақия" дуэті, Әйгерім Мамырова, Кеңес Әлімжан, Ғаділбек Жанай, Маржан Арапбаева, Нұрлан мен Мұрат, Асхат Тарғын, Айгүл Иманбаева, "Алтын" этно ансамблі, ДиАрт, Бәйтерек топтары, Ернар Жұматаев және тағы басқа танымал әншілер бар.
22 наурызда мерекелік шаралар жалғасады. Мәселен, "Хан Шатыр" сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан "Ғашықтар" саябағында Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан елшілігі ұлттық стильде киіз үйлерін тігіп, астаналықтарды өз мәдениетіндегі Наурыз мерекесін тойлаудың ерекшелігімен таныстырады. Ал "Жағалау" шағын ауданында сағат 12:00-де отбасылық байқаулар, концерттік бағдарлама және ойын-сауықпен бірге ауқымды гастрономиялық фестиваль басталады.
Айта кетері, 14 наурыздан бері Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі өтіп жатыр. Осы 10 күн ішінде Астанада 200-ден астам мерекелік шара өтеді.